WhatsApp телефон соғу қызметін қосып жатыр
- qwerty
- IT-жаңалықтар / 1 ақпан 2015, 12:17
- 1362
WhatsApp көптен күтілген телефон соғу қызметін қосып жатыр. Бұл қызмет түрімен Интернет арқылы Skype немесе Viber сияқты дыбыстық қоңырау шалуға және достарыңызбен сөйлесуге болады.
Дыбыстық қоңырау шалу қызметі іске қосыла бастады, бірақ бірінші кезекте тек Android жүйесінің пайдаланушылары үшін. Кеше кешке жаңа функцияның бірнеше скриншоттары Reddit сайтында пайда болды. Онда айтылуынша пайдаланушылар телефон белгісін басу арқылы достарына оңай телефон соға алады.
Қазірге функция тек инвайт бойынша қосылады. Ал инвайт телефон соғу арқылы беріледі. Яғни, ол функция қосылуы үшін сізге бір досыңыз телефон соғуы керек. Және жаңартуды apk түрінде сайттан алуға тура келеді (Google Apps-тан емес). Әрине, бұлардың барлығы уақытша және тестілеу үшін арналған.
«Бұны инвайт деп түсінуге болады. Егер сіз басқа адамға телефон шалғыңыз келсе, ол адамға алдымен инвайт беруіңіз қажет» дейді pradnesh07 атты Reddit сайтының пайдаланушысы.
Осы пайдаланушының айтуы бойынша Android жүйесі үшін де шектеулер бар. Мысалыға, ол жұмыс жасауы үшін Android-тың ең соңғы нұсқасы болуы керек, ал егер сізде Google Nexus 5 болса Android 5.0.1 Lollipop жүйесі қажет болады.
Дүние жұзіндегі ең танымал мессенджер дыбыстық қоңырау шалу қызметін қосатыны туралы өткен жылы жариялаған болатын. Бірақ, әліге дейін ол туралы ешқандай ақпарат берілмеген еді. Енді бұл қызмет түрі тез арада бүкіл пайдаланушыларға қолжетімді болады деген үміттеміз.
goo.gl/GhOVFX
-
+2