Samsung Apple Pay төлем жүйесінің аналогы LoopPay жүйесін сатып алды
- qwerty
- IT-жаңалықтар / 19 ақпан 2015, 11:28
- 1024
Samsung корпорациясы Apple Pay төлем жүйесінің аналогы LoopPay жүйесін жасайтын компанияны сатып алды. Бұл туралы екі компания да ресми түрде хабарлады.
LoopPay арнайы құрылғыдан және iOS пен Android жүйелеріне арналған бағдарламалардан тұрады. Пайдаланушы жүйеге өзінің төлем картасын байланыстыра алады, одан соң магазиндерде карта өткізетін жерден өзінің телефонын өткізу арқылы төлем жасай алады. LoopPay жасаушыларының айтуы бойынша мұндай схема дүние жүзіндегі 90% терминалдармен жұмыс жасай алады.
Компаниялар сатып алынудың жалпы бағасын жариялаған жоқ, бірақ LoopPay негізін салушылар Уилл Грэйлин (Will Graylin) және Джордж Уоллнер (George Wallner) Samsung ұялы бөлімшелеріне жұмысқа алынатыны туралы айтылды. Мұндай серіктестік "«ақылды» электронды төлем жүйелеріндегі жаңа иновация толқынын іске қосуға" көмектеседі деп баспасөз релизінде айтылуда.
Сонда да стартап Samsung компаниясына толығымен өтпейді. «Біз инновацияны ендіру бойынша және тәуелсіз компания ретінде жұмысымызды жалғастырамыз.» — деп айтылды LoopPay хабарламаларының бірінде.
Серіктестік LoopPay жүйесіне жаңа деңгейге шығуға және дамуға көмектеседі деп есептейді Samsung. Қазіргі кезде LoopPay технологиясының 10 млн пайдаланушысы бар.
Apple Pay жүйесі 2014 жылы пайда болды. Ол жүйеге шынайы төлем карталарын байланыстырып дүкендерде төлем жасауға болады. Бірақ технология iPhone 6 және 6 Plus телефондарында ғана жұмыс жасайды.

-
+2