Смартфондар нарығындағы алынған пайданың 93 % Apple компаниясына тиесілі
- amantai
- IT-жаңалықтар / 11 ақпан 2015, 09:55
- 1342
Жаңа iPhone 6 және iPhone 6 Plus телефондарының арқасында Apple смартфондар нарығында алатын пайдасын өсіре алды. Ал негізгі бәсекелесі Samsung, керісінше, өзінің орнын қатты жоғалтып алды.
Канаданың инвестициялық Canaccord Genuity компаниясының бағалауы бойынша 2014 жылдың төртінші кварталындағы смартфондар нарығындағы жалпы түсім $20,9 млрд болған, оның $19,4 млрд бөлігі (93 %) Apple компаниясына тиесілі. Samsung компаниясының көрсеткіші 9 %, бұл компания үшін 2008 жылдан бергі ең аз көрсеткіш.
Осылай, Apple және Samsung осы нарықты 100% қолдарында ұстап тұр. Бұлай болуының себебі, қалған компаниялар не пайда мүлдем таппайды (мысалы, BlackBerry, LG және Sony) немесе шығынға батады (мысалы, Microsoft). Apple үшін мұндай көрсеткіш рекордты болып саналады, оған ықпал жасаған, әрине iPhone 6 және iPhone 6 Plus телефондары. Олар iPhone 5 және iPhone 5s телефондарынан әлдеқайда көп пайдаланушылардың назарын аударды.
Canaccord Genuity компаниясының қызметкері Майкл Уолкли (Michael Walkley) есебі бойынша қазіргі кезде iPhone телефон 404 млн адамда бар және бұл көрсеткіш 2018 жылға дейін 650 млн болуы мүмкін.

-
+2