Apple алғаш рет бір тоқсанда сатылған смартфондар саны бойынша Samsung компаниясынан озды
- amantai
- IT-жаңалықтар / 4 наурыз 2015, 09:55
- 1901
Gartner агенттігі 2014 жылдың төртінші тоқсанындағы дүние жүзі бойынша смартфондар сатылымының есебін жариялады. Тарихта алғаш рет Apple осы бағытта Samsung компаниясынан озған. Ол 75 миллион құрылғы сатып, нарықтың 20%-ын қамтыды. Өз кезегінде Корея компаниясы 73 миллион құрылғы сатқан.
Салыстыру үшін бір жыл алдын Samsung 83 млн құрылғы, Apple — 50 млн құрылғы сатқан болатын. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Samsung нарықтағы 10 пайыз үлесін жоғалтып алған.
Gartner сараптаушысы Энсил Гуп айтуы бойынша Samsung қымбат смартфондар нарығында бәсекелес бола алмайды. Бұл нарық өнім өндірушілердің негізгі пайда көзі. Мысалыға Strategy Analytics айтуы бойынша Apple смартфондар сатылымындағы жалпы 90% кірісін 2014 жылдың төртінші тоқсанында алған.
Gartner рейтингіндегі басқа да өзгерісте Xioami Қытай компаниясымен байланысты. Өткен жылы бұл компанияның үлесі 2 пайыздан 5.1%-ға дейін өскен.
Ұялы телефондарға арналған операциялық жүйелер нарығында Apple өзінің үлесін әлі де болса көбейте алмай жүр. Бұл жерде Android үлесі әлі де болса үлкен. Google бұл салада нарықтың 80%-ын иеленген, және бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 2%-ға артқан. iOS 15,5% смартфондарда пайдаланылады, 2014 жылы ол көрсеткіш 0.01%-ға түскен.
-
+1