Google Earth Pro енді тегін. Жылына $400 үнемдеңіз



Google Earth Pro бағдарламасын енді кез-келген адам тегін пайдалана алады. Ол үшін алдымен тегін тестілеуге арналған форманы толтырып жіберу және клиенттік бағдарламаны жүктеп алуыңыз қажет. Бағдарламада «free trial» деп жазылып тұруына қарамай, бағдарлама ешқандай лицензия немесе ақша төлеу туралы ештеңе сұрамайды.

Бағдарламаның ақылы қызметін пайдаланатын пайдаланушылардың саны өте кем болғандығы үшін шығар, интернет алып, бағдарламаны толығымен тегін етуді шешті.

Алдын тегін нұсқада жоқ болған қандай функциялар? Олар:
  • суреттерді 4800x3200 px өлшемде басып шығару (тегін нұсқада өлшемге 1000x1000 шектеуі болатын)
  • көп санды адрестерді картаға автоматты түрде импорттау (бірнеше мыңға дейін)
  • экранда болып жатқан нәрселерді HD-сапасында видеоға түсіру
  • қашықтықтарды және ауданды сызық, жолдар, полигандар, шеңбер және т.б. әдістер бойынша өлшеу (бұған дейін, тек сызықтар және жолдар арқылы)

Иә, онша көп емес, бірақ есесіне тегін :)

goo.gl/1uM68K

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.