Facebook өзінің месенджерінде ақша аудару мүмкіндігін қосты
- amantai
- IT-жаңалықтар / 18 наурыз 2015, 11:25
- 1025
Facebook ақша аудару қызметінің іске қосылғандығын жариялады. Бұл жаңа мүмкіндік iOS, Android және веб бағдарламада қосылған. Бірінші айда ақшаны тек АҚШ азаматтары ғана аударым жасай алады.
Компания өкілдерінің айтуы бойынша бұл қызмет түрі тегін. Оны пайдалану үшін месенджерде хат жазуды бастап доллар белгішесін басып, қажет соманы теріп, «Төлеу» батырмасын басу қажет. Одан кейін картаңыздың мәліметтерін енгізсеңіз жеткілікті (екінші және одан кейінгі аударымдар үшін PIN кодты сақтап қоюға болады).
Ал қабылдау үшін де аударымды қабылдап, картаның мәліметтерін енгізу қажет. Ақша аудару бір күннен үш күнге дейінгі уақыт алуы мүмкін.
Facebook қазірдің өзінде күніне 1 млн транзакция жүріп жатқанын хабарлады. Олардың көбісі реклама берушілерден және ойын пайдаланушылары екені де айтылды. Компания ақша аударымдардың қауіпсіз болуына уәде беріп жатыр.
Мұндай мүмкіндіктің пайда болуы туралы сыбыстар 2014 жылы пайда болған болатын. Сол кезде американдық хакер мессегнджердің кодын бұзғанын және онда ақша аудару туралы мүмкіндіктерді көргенін жариялаған.

-
+1