Туылған күніңмен, Facebook!



Thefacebok сайты 2004 жылы 4 ақпанда ашылған болатын. Бірақ, сайт басында тек Гарвард университетінің студенттеріне ғана қолжетімді болды. Он жыл ішінде сайт артикльді алып тастады, аудиториясы айына 1,366 миллиард қолданушы болды, ал Марк Цукерберг 23 жасында жер шарындағы ең жас миллиардер атанды.

Марк Цукерберг 2003 жылы екінші курста Facemash сайтын ашты. Сайтта қолданушылар екі адамның қайсысы сұлу екенін таңдау керек болатын. Суреттерді Цукерберг Гарвард университетінің қорғалған желілерінен ұрлап алып сайтқа қойған. Екі сағат ішінде Facemash сайтына төрт жүз елу (450) адам кіріп суреттерді жиырма екі мың (22 000) рет қараған. Сайтты Гарвард әкімшілігі жауып тастады. Бір жыл өткен соң 4 ақпанда Марк Thefacebook сайтын ашты.



Басында Thefacebook Гарвард университетінде ғана болған болса, ол бір айдан соң Стэнфорд, Колумбия университеті және Йеля университеттеріне кеңейтілді. Тағы да біраз уақыттан соң Бостон, Нью-Йорк, Массачутетс және т.б. Канада мен АҚШ университеттері қосылды. 2006 жылдың 26 қыркүйегінде желіні 13 жастан үлкен барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.

2010 жылы Facebook компаниясының құны 41 миллиард доллар болды, сол кезде ол Google және Amazon компанияларынан кейінгі кұны бойынша үшінші компания болды. 2011 жылы бұл көрсеткіш 50 миллиард долларға дейін өсті.

Facebook — белсенді пайдаланушылар саны бойынша ең ірі әлеуметтік желі. Айына ең болмағанда бір рет 1,366 миллиард адам сайтқа кіріп тұрады. 2014 жылы компанияның кірісі 3,85 миллиард болды.



goo.gl/VAXWLm

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.