14 ақпан - компьютерщиктер күні!!!

Салем досым!!!

Бүгін қандай мереке тойлап жатырсың? Бүгін компьютерщиктер күні екенін білесің ба? Яғни, біздің мейрам.



14 ақпан — ресми емес мейрам. Бұл күні алғаш рет шынайы жұмыс жасайтын ENIAC I (Electrical Numerical Integrator And Calculator) компьютері жұртшылыққа таныстырылған болатын. Оның құрастырылуы америка әскерилері қаржылық көмек көрсеткен, ол негізінен есептеулер жүргізуге, жобалауға және бағдарламалауға қолданылған. ENIAC I 1955 жылы 2 қазан 23 сағат 45 минутқа дейін жұмыс жасап кейін алып тасталды.

Әрине, бұған дейін де басқа компьютерлер болған, бірақ олардың барлығы жай эксперимент, прототип ретінде болған. Шын әлемде қолданылмаған. Сондықтан да, компьютер әлемінің бастауы ENIAC I деп есептеледі.

Егер бүгін ғашықтар күні болса (әрине, олай емес) мен махаббатымды компьютерге білдіргім келеді!!!



Компьютерщик дегеніме қатты ұрыспаңыз басқа дұрыс аударма таба алмадым. Дұрыс аударманы білсеңіз пікірде қалдырыңыз.

  • +4
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.