Facebook интернет жеткізуге арналған дрондарды Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізді
- amantai
- IT-жаңалықтар / 30 наурыз 2015, 09:39
- 1447
Әлеуметтік желі планетаның шеткі бөліктеріне интернетті қолжетімді ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Facebook басшысы Марк Цукерберг күн энергиясымен жұмыс жасайтын дрондардың Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізілгенін хабарлады. Интернетті қолжетімді ету үшін дрондар лазерлік сәулені пайдаланады.
Дрон Ascenta компаниясында жасалған. Бұл компания күн энергиясымен жұмыс жасайтын ұшқышсыз ұшатын апараттарды жасаумен айналысады. Бұл компанияны әлеуметтік желі 2014 жылдың наурыз айында сатып алған болатын. Аппарат 18,3 км биіктікте бірнеше айлар бойы ұшып жүре алады. Қанаттарының өрісі 29 м, яғни, Boeing 737 ұшағының қанаттарының өрісінен де ұзын, ал салмағы жеңіл машинаның салмағынан жеңіл.

«Бүкіл әлемді интернетке қосу бойынша Internet.org жобасының аясында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасап шығардық. Олар лазер сәулесі көмегімен интернетті қолжетімді етеді. Бұл аппараттардың алғашқы сынақтары Ұлыбританияда сәтті өткізілді», — деп хабарлады Цукерберг өзінің жеке блогында.
Дрон Ascenta компаниясында жасалған. Бұл компания күн энергиясымен жұмыс жасайтын ұшқышсыз ұшатын апараттарды жасаумен айналысады. Бұл компанияны әлеуметтік желі 2014 жылдың наурыз айында сатып алған болатын. Аппарат 18,3 км биіктікте бірнеше айлар бойы ұшып жүре алады. Қанаттарының өрісі 29 м, яғни, Boeing 737 ұшағының қанаттарының өрісінен де ұзын, ал салмағы жеңіл машинаның салмағынан жеңіл.
«Осыған ұқсас аппараттар бүкіл әлемді интернетке қосуға көмектесе алады. Олар қолжетімді бағамен планетаның шеткі бөліктерінде өмір сүретін бүкіл әлемнің 10% адамына интернетті жеткізеді.» — Цукерберг.
-
+4