Эдвард Сноуден деген кім?!


29 жастағы бағдарламашы Эдвард, кезінде АҚШ тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінде жұмыс істеді. Мектепте жоғарғы сыныптарға келгенде оны мектептен шығарып жіберді. Бірақ компьютерлік білімі мол болғандықтан ұлттық қауіпсіздік агенттігінде жұмыс жасауға дейін мүмкіншілігі болды. Ол қауіпсіздік аггенттігінде жүйелік администратор болды, және АҚШ-тың құпиялы құжаттарына қол жеткізе алды. Қарапайым агенттерге қарағанда оның мүмкіншілігі көп болды, күнделікті агенттер бүкіл өмір бойындағы администратор болғанның өзінде бар жоғы 1-2 рет құпия құжаттарға бас сұға алатын, Сноуден гигантты құпия құжаттар топтамасына қол жеткізе қоймай оларды өзіне көшіріпте алды деп жазады Forbes журналы.

Эдвардтың Гавай аралында кереметтей жұмысы болатын, жына 200 000 доллар табыс көзі, өзінің сүйіктісі және отбасымен тұратын. Осындай өмірден не үшін бас тартты?! Оның айтуынша АҚШ тек қана өзінің азаматтарының жеке басына бас сұға қоймай бүкіл дүние жүзін бақылап, аңдып отырды. Сноуден барлық нәрсені көруші және білуші еді, ол ақпарат түсіп отырған барлық нүктені бақылап, іштей талқылап жүрді. Осылай жалғаса берді, бірақ әр адамның жеке өміріне бас сұғу, ақпарат жинау, телефонын тыңдау шектен асып кетті дейді.

Егер сізде кез келген ақпаратқа қол жеткізу мүмкіншілігі болса онда сіз ойға кіріп шықпайтын сан мыңдаған ақпараттармен таныссасың. Оларды оқып отырып еріксіз ашуың келеді, жаның ашиды, бұл жүйені құртқың келеді де тұрады. Егер сіз қарапайым адам болып бұндай ақпаратпен таныссаңыз тек сол сәтте, сол мезетте мен кешкен сезімде боласыз, өйткені сіз ол ақпараттармен тек бір рет таныстыңыз, ал мен ондай мәліметтердің қаншамасын күн сайын, сағат сайын көзден өткіземін.
— дейді Эдвард Сноуден.

Сноуденнің айтуынша қазіргі кез келген технология арқылы АҚШ сізді тыңдап, аңдып отырады.
Ғаламтор — бұл бір жағынан теледидар сияқты, сіздің әрбір ісіңізді көрсетіп отыратын.
2013 жылдың Маусым айында The Guardian және The Washington Post газеталарына АҚШ-тың құпия құжаттарының көшірмесін берді. PRISM жобасы аясында АҚШ күніге 5 миллиард адамның қоңырауларын жазып алып отырған. Оған қоса X-Keyscore мен Tempora жобасын әшкереледі. Пентагонның жабық есеп беруінде Сноуденнің 1,7 миллион құпия құжатты ұрлағандығы айтылады.
Осыған орай 2013 жылдың 14 Маусым күні Сноуденге елдің құпия құжаттарын ұрлағандығы және мемлекетке қауіп төндіргендігі үшін айып тағылып, іздеуде жүр.
Сөйтіп алдымен Гонконгқа кейінен Мәскеуге ұшып барады.
Сноуденнің құжаттары бойынша АҚШ қауіпсіздік агенттігі Google, Yahoo, Apple, Microsoft, Facebook, YouTube, Skype сынды баршаға мәлім компаниялардың серверлеріндегі ақпараттарды өз пайдасына пайдаланған.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.