avatar
Солай десек те болады. Бірақ Хабр-дай бола алмаймыз. Біздің көздеп отқан мақсатымыз жергілікті IT-мамандардың қауымдастығы жиналып, ойлары, пікірлері, істеп жатқан істерімен бөлісіп талқыға салатын орта етсек деген. Әр қаладан 4-5 маман жиналса да Офлайда кездесулер ұйымдастырып, әңгіме-дүкен құрып араласу. Солай болуы үшін барынша жағдай жасауға тырысып бағамыз. :) Рахмет!

avatar
Мен де қайта-қайта оқып түсінбей отырғаным. Яндекстің құжатнамасын оқып көру қажет екен. Не де болса келесі апта осы тақырыпты толықтай зерттеп, бір мақала ретінде жазып көрмекпін.

avatar
Жақсы тақырыпты қозғадың Амигос. :)
Осы мен көптеген СЕО туралы ақпараттарды оқып, эксперименттерді қолданып көрдім. Тіл мәселесіне келгенде нақты шешімге тоқтауым қиын болды. Алдығы уақытта қандай нәтиже беретінін тексеріп көру қажеттілігі туындап тұр. Codeo-да қолданып көруге болады. Ал СЖ-да олай ете алмаймын, себебі қазіргі таңда СЖ-ның позициясы Гуглдың көзімен өте жақсы сайт деген пиғылда.

Мен білетін сайттардың ішінде осы метатегті sozdik.kz қолданады. Егер қазақша бетіне өтіп, кодын ашып қарайтын болсақ:

<html xmlns="http://www.w3.org/1999/xhtml" dir="ltr" lang="kk" xml:lang="kk">
<head>
<title>Орысша-қазақша және қазақша-орысша онлайн сөздік | Сөздік | Сөз аудару</title>
<meta http-equiv="Content-type" content="text/html; charset=utf-8" />
<meta http-equiv="Content-language" content="kk" />


Алдағы уақытта осы тақырыпты жақсылап зерттеп көрмекшімін. Ол үшін тексеруге болатын плошадкалар бар.

avatar
Абеке өзіңді студент кезден жақсы танимын. Өзіңнен жақсы-жақсы жазбалар күтемін. Қош келдің!

avatar
Ағасы істеп жатқан жұмыстарыңызға үлкен рахмет. Өте пайдалы істер атқарып жатырсыздар. AIF2012-де сіздің жасап жатқан істеріңіз туралы айтқан презентацияңыз ұнады. Жаңа жылда жаңа биіктерді бағындыруыңызға тілектеспін.

avatar
Сізбен келісемін. Әзірге мемлекет қабалдаған стандарт болмайынша латынға көшу туралы сөз қозғау артықтау.

avatar
Ия. Барлығын бір жүйеге келтірсек жақсы болатын еді. Ол үшін арнайы жүйелі сайттар бар ма екен? Мысалы: www.transifex.com/features/translation-management/

avatar
cray Ubuntu-ды да қазақшалаумен сіз айналысып жатырсыз ба?

avatar
Ағасы сол 2 мың теңгені үнемдеймін деп қаншама уақыт, қаншама физикалық және психологиялық күш жұмсайсыз. Әрине практика практика практика ғой, бірақ қаншама уақытты жұмсап әуреге салынудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Жылына 5 мың теңгелік тарифтегі хостингтер әлде қайда жақсы секілді.

avatar
Ереке шетелдік хостингтер жақсы ғой. Бағасы өте төмен. Бірақ елімізде арнайы заң қабылданғаны бар еді, 2010 жылдан кейінгі тіркелген домендердің хостингі Қазақстан аумағында орналасқан хостингтерде орналасуы қажет деген. Егер сайтыңызды тексеріп, хостинг шел елде орналасса онда доменді жай ғана тартып ала-алады. Сайт ашылмай қалды деп ойлай беріңіз :)

avatar
Сәке осы nhost.kz не үшін қолданасыз?

Мен мысалы ps.kz хостингін ұсынамын, қолданамын. Қазір көптеген мен жасайтын сайттар осы ps.kz хостингінде. Себебін жазып шықсам.
Бағасы: Тиімді F-4 тарифті 6 мың теңгелік хостингті тұтынамын көбіне. 1 гб орын қажеттілікті қамтамасыз етеді.
Сервис: Ия мойындау керек, сервирстерінде орыс тілді адамдар қызмет етеді. Қазақша түсінбейтін шығар, бірақ мейлі түнгі 5-6-да звандап немесе арнайы ps.kz сайтының техподдержка бетіне өтіп хат жазсаңыз 10-15 минуттың ішінде мәселені шешіп береді. Яғни өте жоғары сервисімен ұнайды.
Төлем: Кез келген төлем жүйесімен хостинг ақысын төлей беруге болады. Ыңғайлы.

Қателеспесем өте көп қолданушы кіретін zharar.com сайтының өзі осы ps.kz хостингінде тұр, әзірге осы codeo.kz/ сайты да осы хостингте орналасқан.

avatar
Қаңқа қызық екен. Маған ұнады. :)

avatar
Көбіне біз «Главная страница» сөзін «Бастапқы бет» деп аударып жүрміз. «Бастапты парақша» қалай болады екен?

avatar
raimbek Сол мен firefox орнатып қолданып көрмекшімін. Қателеспесем notepad++ осы да қазақшаға аударылған болуы керек. Ондағы терминдер қалай аударылғандығын салыстырып көру керек екен.

avatar
Көбімен келісемін. Мағынасы бар, түсінікті. «Айдар» келіңкіремейді, өзгелерімен келісемін. Қазақша Мозилла браузерін жүктеп орнатып, қолданып көру керек екен.

avatar
"Әрекет" жақсы келетін секілді. Ал «айдар» сөзін бізде «категория» терминіне қолданып жүргендер көп. Өз босым «категория»-ны «санаттар» деп қолданып жүрмін.

avatar
Браузерлерге қатысты терминдер мысалы: закладки сөзін қалай аударуға болады. Соңғы кезде Хромда қолданатын Инкогнито сөздерін қалай аударуға болады? Тағы мысал: Page орысша Страница. Қазақша қалай болғаны дұрыс, Бет әлде Парақша?

avatar
Видеоны сайтқа қосу үшін жай ғана video тегіне сайттың адресін алсаң болды. Яғни былай:
<video>http://www.youtube.com/watch?v=QdWeI-FBG_4</video>

Ал сайттың өзі автоматты парсермен жүктеп алады.

avatar
Тағы біраз уақыт өткен Винчестерлерді де еске алып отырсақ таң қалмайтын боламын. :)
SSD дисктердің дәурені келе жатыр.

avatar
Тағы 4-5 Гб емес, 25 Гб 6 минутта дегенді ойлап отырмын O_o деп :))