Kazsid - қазақша Линукс үлгісі

Жұмыс үстел ортасы — Xfce, құрамында Iceweasel (Firefox) браузері, LibreOffice кеңселік бағдарламалар дестесі, т.б. кішілеу қолданбалар бар. Қолданбалардың көбінде қазақша интерфейс бар.
Соңғы шығарылымы — Kazsid 20131221
Қазақша Линукс орнатып көрем десеңіз, сізге Kazsid орнату міндетті емес, таза Debian орнатып, баптауға болады.
Шығарылымдар туралы LinuxForum форумында оқып, талқылауға болады.
-
+3
Менде біраз уақыт убунтуға отыруға тура келген. сол ОЖ-ны қатты жақсы көріп қалдым. Қазір тереземен отырмын. Бірақ, параллельді линукс қоямын алда, ы күндері. Қазақша болса тіпті жақсы. Алдыңғы убунту шала қазақша болған.
ASCII шеңберінен шықпасақ екен. Егер тиімді вариант болса, осы бастан жасаған жұмыстарды латынға аударып жасай беруге бармын.
Немесе Казсидты орнатып көріңіз.