Блог жүргізуге ниетім бар

Ассалам алейкум! Мен өзім жазушы, блогер емеспін сондықтан мақаларымда қателіктер болу мумкін. Өзім уеб-бағдарламалау (сайт жасақтау) мен айналысамын. Сол жинаған тәжіребеммен бөліскім, ал білмейтін сүрақтарды білетіндерден сүрағым келеді. Озімде ой бар еди сайт ашып сол жерге жазып жүрү, бірақ біріншіден қазақ атам айтқандай жалғыздың шаңы шықпайды, ал екіншіден yerbol89 арнайы шақырған соң осы блог туғырында жазуға бел будым. (Озіме сайт ашуға мүлдем үақытым жоқ).
Кішкене өзім туралы…
Бағдарламашы боламын деп 6-7 сыныпта шешім қабылдаған едім. Өз уйімде компьютер болмаған соң, бағдарламарды мектеп компьютерлеринде жасайтын едім. Сонда 2-3 кунде 1-2 сағат истей алатын едим. Сол кездері QBasic пен жумыс истейтин едім. Кейін мектеп бітірген кейін Алматыға барғым келеген еді немесе Астанаға, бірақ «ол жақта саған қарайтын адам жоқ» деп уйдегілер жіберген жоқ. «Ағаңның қолында боласын деп» Шымкентке руқсат берді. Білмейм неге айтоер далада оқығым келді. Солай Қудай деп, Шымкенте Ауэзов атындағы универге тустим. Казірге дейін 25 жылдық өмірімнің ең қызық қундері сол Шымкенте өтті. Білетін онерімнің көбісін сол жақта уйрендім. Үстаздарыма алғысым зор. Кейин Жаңаөзенге келіп жумыс іздеп бір кезде анда журіп, бір кезде мында журіп мамандық бойынша жумыс табылмады. Аллаға шукір «Mediana Services Limited»-де жумыс табылып мине бағдарламашы болып жүрген. Негізгі жумысым php-бағдарламашы (бэкендчик).
Жазатыным туралы…
Сол PHP-мен айналысқан соң сол тіл және бағдарламалау туралы туралы жазамын, уақыт өте тақырыптарда өзгерер Алла қаласа

  • +1
3 пікір
yerbol89
Абеке өзіңді студент кезден жақсы танимын. Өзіңнен жақсы-жақсы жазбалар күтемін. Қош келдің!
nurzhol
Әбеке, дерзай амиго дегеннен басқа айтар жоқ. XD
tas362
Негізі өзімде бір неше мақала тізімін дайындап қойған едім, казір олар шикі. Аяқ астынан сапарға шығу керек болғандықтан, мақалаларым «оқырман назарына» кейинрек шығады, Қудай каласа арине.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.