CD, DVD дискілер де тарихта қалатын күн келді
- dekan
- Үйдегі эксперименттер / 26 желтоқсан 2013, 15:32
- 1591
Бұрындары бұндай аса маңызды емес нәрселерге бас ауыртпайтын да едік. Ойлап отырсам CD дискілердің дәурені өтіп кеткенін байқамай да қалыппын. Үйдегі ноутбуктерде дисковод жоқ болғалы қашан? Тіпті флеш дискілерден, оны мұны информация сақтағанды былай қойғанда, операциялық жүйені қайта отырғызып та әбден үйреніп алғанымыз соншалықты, загрузочный дисктерімізді де флешкалар алмастырып үлгерді.
Қызықтың көкесі өткен жолы үйге келгенде (Алматыда оқып жатыр едім) болды, інімнің тойын көрейін десем үйде бірде бір DVD ойнататын құрылғы жоқ екен. Содан не істеу керек? Өткен жолы үйдегі жаман компьютерге шлюз көтергенім туралы жаған болатынмын, сол компьютерде DVD құрылғы бар екен. Ол да бір жасы жаңалық болды. Бірақ ол компьютерде линукстің серверлік нұсқасы тұрғандықтан қандай бір мультимедиалық файлдарды ойнату мүмкін емес еді. Не істеу керек?
Ия, ортақ папка ашу керек те, үйдегі басқа құрылғылар арқылы қосылып қарау немесе көшіріп алу қажет. Біздің жағдайда басқа құрылғы деп отырғанымыз – виндоус8 ОЖ орнатылған нетбук. Енді алдымызда мынадай мақсат: Линуксте виндоус “көре” алатындай ортақ папка ашу.
Ол үшін samba орнатамыз:
орнатылғаннан соң smb.conf конфигурация файлын өз қажетімізге оңтайлап, түзетеміз. Әрине алдымен конфигурация файлының көшірмесін сақтап қоямыз, кім біледі, мүмкін бүлдіріп алармыз?
Енді кез келген текстік редакторда конфигурация файлын ашып, түзетеміз, менің жағдайымда nano текстік редакторы:
Ашылған файлды қажетімізше түзетеміз. Әрине менде қопарып отыратын уақыт болған жоқ, сондықтан CD құрылғыны ортақ папка ретінде пайдаланып, CD дискідегілерді тездетіп көшіріп алу қажет болды. Сондықтан кез келеген компьютер немесе қолданушы үшін ашық, еш авторизация сұрамайтындай ортақ папка қажет болды. Ия бұл дегеніңіз оңайдың оңайы, әрі менен кейінгілер де үйдегі серверге еш авторизациясыз қатынай алатын болады. Сонымен, конфигурация файлына мынаны қосамыз, егер дайын шаблон болса тек алдындағы # не; белгілерін алып тастаймыз (орысшалағанда раскомментировать дейді, білсеңдер қазақшалай отырыңдар)
мұндағы: path= /media/cdrom дегеніміз ортақ папка орналасқан жер, сізде басқа болуы мүмкін. Мысалы: path= /home/user/data болуы әбден мүмкін.
browseable = yes жасырын емес, яғни виндоус броузерінде көрінеді
read only = yes тек қана оқу үшін дегенді береді, бұндай папкаларға жаза алмайсыз
guest ok = yes авторизациясыз бәріне ашық
Ия, айтпағышы дисководты монтировать ету үшін былай дей сал:

sudo apt-get install samba
орнатылғаннан соң smb.conf конфигурация файлын өз қажетімізге оңтайлап, түзетеміз. Әрине алдымен конфигурация файлының көшірмесін сақтап қоямыз, кім біледі, мүмкін бүлдіріп алармыз?
sudo cp /etc/samba/smb.conf /etc/samba/smb.conf.bak
Енді кез келген текстік редакторда конфигурация файлын ашып, түзетеміз, менің жағдайымда nano текстік редакторы:
sudo nano /etc/samba/smb.conf
Ашылған файлды қажетімізше түзетеміз. Әрине менде қопарып отыратын уақыт болған жоқ, сондықтан CD құрылғыны ортақ папка ретінде пайдаланып, CD дискідегілерді тездетіп көшіріп алу қажет болды. Сондықтан кез келеген компьютер немесе қолданушы үшін ашық, еш авторизация сұрамайтындай ортақ папка қажет болды. Ия бұл дегеніңіз оңайдың оңайы, әрі менен кейінгілер де үйдегі серверге еш авторизациясыз қатынай алатын болады. Сонымен, конфигурация файлына мынаны қосамыз, егер дайын шаблон болса тек алдындағы # не; белгілерін алып тастаймыз (орысшалағанда раскомментировать дейді, білсеңдер қазақшалай отырыңдар)
[DVD-ROM Drive]
path = /media/cdrom
browseable = yes
read only = yes
guest ok = yes
мұндағы: path= /media/cdrom дегеніміз ортақ папка орналасқан жер, сізде басқа болуы мүмкін. Мысалы: path= /home/user/data болуы әбден мүмкін.
browseable = yes жасырын емес, яғни виндоус броузерінде көрінеді
read only = yes тек қана оқу үшін дегенді береді, бұндай папкаларға жаза алмайсыз
guest ok = yes авторизациясыз бәріне ашық
Ия, айтпағышы дисководты монтировать ету үшін былай дей сал:
sudo mount /dev/sr0 /media/cdrom
-
0
SSD дисктердің дәурені келе жатыр.