Google Picasa фотосервисінің жақын арада жабылатындығын жариялады



Google мамандарының айтуы бойынша Picasa фотосервисінің жабылуы туралы сұрақ Google Photos іске қосылғаннан пайда болған. Google Photos — фотоларды өңдеуге және сақтауға арналған бұлттық сервис және де ол Android жүйесінде кіріктірілген күйде пайдаланылады.

Компания сервисті жабу арқылы барлық күшті тек бір ғана сервиске жұмсамақшы екендігін білдірді. Picasa ақырындап жабылатын болады, ал пайдаланушыларға Google Photos сервисіне өту ұсынылады. Ол үшін тек сонда аккаунт ашсаңыз болды, фотолар автоматты түрде синхронизацияланады.

Егер пайдаланушылар жаңа сервиске өткілері келмесе немесе пікірлері мен мәтіндерді көргілері келсе гугл кейінірек ол үшін жеке сайт ашатын болады. Бірақ онда жаңа фотоларды жүктеу мүмкіндігі болмайды.

15 наурыздан бастап бағдарламаны қолдау тоқтатылады. Яғни, жаңартылулар болмайды. Ал негізгі өзгерістер 1 мамырдан басталады.

Picasa Lifescape компаниясының өнімі, 2002 жылы жасалған. 2004 жылы гугл компанияны сатып алып бағдарламаны тегін етті.

Түпнұсқа.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.