Қытай инвесторлары Opera Software компаниясын $1,2 млрд-қа сатып алуда
- amantai
- IT-жаңалықтар / 10 ақпан 2016, 14:55
- 996
Opera Software, осындай атпен белгілі танымал браузерді жасаушы компаниясына, қытай инвесторларынан 100% акцияларын сату туралы ұсыныс түсті. Жалпы ұсыныс бағасы — $1,2 млрд. Ұсынысты жасаған Golden Brick фонды. Осы фондқа жақында $9,3 млрд-қа сатып алынған Qihoo 360 Software компаниясы, ойын жасаушы Kunlun және Yonglian компаниясы тиесілі.
Бұл ұсыныс — Opera директорлар кеңесінің "әр түрлі стратегиялық мүмкіндікдерді" қарастыруының арқасы. Ол туралы өткен жылы шілде айында айтылған болатын.
«Компания мүмкіндіктерін және түскен ұсыныстарды қарастыра келе, директорлар кеңесі Opera концорциумын сату акционерлер үшін де, қызметкерлер үшін де ең дұрыс жол деп шешім қабылдады», — деп компаняның ресми хатында айтылған.
Директорлар кеңесі анонимді түрде осы ұсынысты қабылдауға дауыс берді. Ірі акция иелері де осы шешімді дұрыс деп қабылдады.
Келісімшарт туралы жұмыс Golden Brick қызметкерлерімен кездесуден соң басталады және 15 наурызға дейін Opera келісімшарт туралы толық жариялайды. Норвегиялық компания үшін бұл өте үлкен Қытай аудиториясына жол ашуы мүмкін.
-
+1