Amazon жаңа Lumberyard тегін ойын жасау құралын таныстырды

9 ақпан күні Amazon өзінің Lumberyard 3D ойын жасауға арналған құралын таныстырды. Құрал толығымен тегін және кез-келген адам жүктеп ала алады. Олар жаңа құрал Amazon Web Services және видео стримингке арналған Twitch жүйелерімен толығымен интеграцияланады деп уәде беруде. Lumberyard CryEngine негізінде жазылған, ойындар C++ тілінде жазылады. Қазіргі кезде онда PC, Xbox One, PlayStation 4 үшін ойындар жазу мүмкіндігі бар, болашақта iOS және Andoird үшін де мүмкіндіктер қосылады деп күтілуде. Компания бұл құрал арқылы келесі әдіспен ақша таппақшы: ойын жазушылар, өздерінің жеке серверлерін пайдалана алады, егер де олар басқа сервер пайдаланғысы келсе ол міндетті түрде Amazon Web Services болуы қажет.

Құралдың мүмкіндіктері:

Графика: физика негізіндегі шейдерлер, динамикалық жарықтандыру, бөлшектер жүйесінің редакторы, өсімдіктерді салу үшін құрал, тұман, color grading, motion blur, depth of field, HDR lens flares және тағы басқа эффекттер.

Кейіпкерлермен жұмыс: қаңқалық анимация құру үшін Gepetto құралы. Ragdoll-физика, қабаттар (слой) қолдауы бар.

Дыбыс: Wwise LTX дыбыстық құралының тегін нұсқасы

Модульді гемдер: 16 кіріктірілген гемдерден тұратын библиотека табиғат эффектілерімен (жаңбыр, қар, құйын, найзағай), камерамен және UI-мен жұмысты жеңілдетеді.

Қазіргі кезде Lumberyard архивін тек Windows үшін орнатуға болады (Mac және Linux үшін әлі нұсқалар жоқ), салмағы 10Гб-тай. Оған қоса тағы қосымша ресурстарды жүктеп алуға болады: Woodland Asset Package (орманды жасау үшін, 1,5 ГБ), Beach City Asset Package (1950-жылдар стиліндегі зомби кейіпкерлер, 4,8 ГБ) және дайын деуге болатын CryEngine GameSDK (Legacy Game Sample, 3,5 ГБ) құралынан алынған шутер.



Woodland Asset Package



Beach City Asset Package



Legacy Game Sample

Amazon құралмен жұмыс жасау үшін компьютеріңіздің келесідей мүмкіндігі болуын ұсынады: Windows 7 64-bit, 8+ ГБ ОЗУ, 60 ГБ бос орын, 3ГГц+ төртядролы процессор және 2+ ГБ видеокарта, DX11 және одан жоғары нұсқаларын қолдауымен.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.