Google компаниясы Google Photos сервисінің API-ін ашық деп жариялады

Кеше Google компаниясы Cloud Vision API ашық екенін жариялады. API Google Photos сервисінде пайдаланылады. Яғни, оның көмегімен суреттерді анализ жасап объектілер мен эмоцияларды тануға болады.

Cloud Vision API негізгі қызметтері ол суреттен әр түрлі объектілерді (ғимараттар, машиналар, кемелер және т.с.с) тану және оларды топтарға бөлу. Онымен қоса құралдың көмегімен адамдардың эмоцияларын, түрлі логотиптерді де анализ жасауға болады. API көмегімен тағы да суреттердің қол жетімділігін басқара аласыз. Мысалы, 18 жасқа толмағандар үшін суреттерді көруді бұғаттау.

Мұның барлығын суреттерді анализ жасау үшін тегін пайдалануға болады. Бірақ, айына 1000 суреттен артық емес. Егер одан көбірек қажет болса, онда ақша төлеуге тура келеді. Егер ақша төлесеңіз айына 20 млн-ға дейін суреттер анализ жасай аласыз.



Әзірше API бета-тестілеу үстінде, бірақ оны қазірдің өзінде жүктеп алуға болады.

  • +1
1 пікір
raimbek
Abylai_adil мынау саған қызық болса керек )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.