MaruOS жүйесі смартфоныңызды Linux десктоп жүйеге айналдырады



Заманауи смартфондар қазірдің өзінде көптеген офистік бағдарламалар, браузерлер, қосымша құралдарды іске қоса алатындай қуатты. Бірақ смартфондарға жазылатын көптеген бағдарламалар тек смартфондарда ғана қолжетімді. Егер солай болса онда смартфонға монитор мен пернетақта жалғасақ не болады?

Бұл ой жаңа емес, бірақ мұндай ойды сәтті түрде іске асыру әлі ешкімнің қолынан келген жоқ. Мысалыға, Microsoft компаниясы Continuum жобасымен және Ubuntu өзінің Ubuntu-смартфонымен осы ойды іске асыруға әрекет жасап көрген болатын. Мүмкін оны іске асыру MaruOS-тің қолынан келетін шығар. MaruOS жүйесі ол Android-тың басқаша нұсқасы (build). Егер осы жүйе тұрған телефонға монитор, пернетақта, тышқанды қосатын болсақ Debian жүйесін қоса аламыз.



Жүйенің бастапқы нұсқасы тек Google Nexus 5 телефонда ғана жұмыс жасай алады және монитор қосу үшін SlimPort кабелі қажет (кабельдің бір ұшы microUSB-ға жалғанады — екінші ұшы HDMI портқа жалғанады).

Жүйені орнату кезінде телефонды прошивка жасау қажет және барлық мәліметтер өшіп кетеді.



MaruOS монитор қосылған сәтті автоматты түрде анықтап LXC Linux Container іске қосады. Ол Linux пен Android жүйелерін бір құрылғыда қосуға мүмкіндік береді. Яғни, пайдаланушы екі жүйеде ауысып жүре алады.

MaruOS сайты мұнда.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.