iOS жүйесіндегі баг: уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қою, телефонды жарамсыз күйге келтіреді
- amantai
- IT-жаңалықтар / 12 ақпан 2016, 10:15
- 979
Reddit сайтында Iphone телефонын мүлдем жұмыс істемейтін күйге әкелу әдісі туралы мақала пайда болды. Егер телефондағы уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қоятын болсақ, телефон мүлдем жарамсыз күйге келеді.
Ескерту! Келесі әрекеттерді орындамаңыз!
Қателікті келесі түрде көруге болады:
1. Баптаулар (Settings) -> Негізгі баптаулар (General) -> Уақыт баптаулары (Date && Time)
2. «Автоматты түрде» (Set Automatically) баптауын өшіру керек
3. Уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қоямыз
4. Өшіріп қайта қосамыз
Телефон қосылмай тұрып қалады. Экранда тек apple логотипі ғана шығады. Баг тек 64 битті процессорларда (A7, A8, A8X, A9 және A9X) бар екендігі айтылған. 32 битті ескі құрылғыларда мұндай қателік жоқ.
Дәлел ретінде wylsa.com сайтының видеосы бар, автор телефонды қайта қалпына келтіруге болмайды дегенге сенбеген екен.
iOS-та уақыт UNIX time түрінде сақталады, яғни 1970 жылдың 1 қаңтарынан кейін өткен секунд саны. Егер уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қоятын болсақ iOS сіздің уақыт зонаңызға байланысты тағы да уақыт жылжытуын жасайды. Сонда, уақытта теріс сандар пайда болады. Мысалы, Астана үшін UTC+6 болғандықтан уақыт 1969 жылдың 19:00 болып қалады.
Телефонды қайта қосу үшін батарейканы алып тастап, сағаттардың толығымен өліп өздері бастапқы уақытқа түсуін күту керек. Бірақ олай жасасаңыз сізде кепілдік жоғалып кетеді.
Интернетте егер уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қойса телефонда құпия бөлімдер ашылады екен деген көптеген қалжыңдар жүр. Бірақ сақ болғаныңыз дұрыс. Apple жақын арада түзетуді шығарады деген үміттеміз.

-
+1