Oracle браузерлер үшін арналған Java-қосымшасын қолдауды тоқтатады

Oracle компаниясы Java SE бағдарламасының браузерлік қосымшасын қолдауды, жазуды және пайдаланушыға жеткізуді тоқтатады. Oracle JDK 9 (2017 жылдың 23 наурызында шығатын) нұсқадан бастап қосымша ескірген технологиялар қатарына өткізіледі және одан кейінгі JDK/JRE құрамынан өшірілетін болады. Компания бағдарламалаушыларға Java апплеттерді браузерде тікелей емес Java Web Start арқылы пайдалануға кеңес беріп жатыр. Ол технология апплеттерді іске қосу үшін браузерді қажет етпейді.



Қосымшалардан бас тарту бірінші кезекте браузерлердің NPAPI интерфейсін қолдауды тоқтатып жатқандығында. Яғни, қазіргі жаңа деген браузерлерде Java апплеттер іске қосыла алмайды. Қазірдің өзінде NPAPI Chrome 45 браузерінде толығымен қолдау тоқтатылған. Ал Firefox 2016 жылдың соңына дейін барлық NPAPI қосымшаларына тосқауыл қоймақшы, тек Flash-тен басқа. Microsoft Edge шыққанынан бері NPAPI технологиясын қолдамайды.

NPAPI-ге байланған Java-дан басқа тағы да Flash, Unity және Silverlight қосымшалары бар. Flash контенттерін қолдау оны PPAPI (Pepper API) қосымшасына өткізу арқылы сақталып қалдынды. Silverlight ұзақ уақыттан бері шаң басып жатыр, Microsoft оны дамытуды толығымен тоқтатқан. Unity қосымшасын қолдау 5.4 нұсқасынан бастап тоқтатылады.

Браузерлердің NPAPI-ден бас тартуы көптеген қауіпсіздік ақауларына байланысты.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.