Microsoft табысы 15%-ға құлады
Microsoft компаниясының тоқсандық табысы 15%-ға құлады. Бірақ бұл көрсеткіш Уолл-стрит болжамынан жоғары болып шықты. Сондықтан да 28 қаңтар күнгі қосымша сауда кезінде компания акциясы 3%-ға қымбаттаған.
2016 қаржы жылының екінші тоқсанының нәтижесі бойынша (жай календарь бойынша 2015 жылдың төртінші тоқсаны) Microsoft компаниясының таза табысы %5 млрд болды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 15% кем ($5.86 млрд).
Microsoft компаниясының жаңа планшеттер бойынша Surface жобасындағы табыс өткен жылымен салыстырғанда 29%-ға өскен. Бірақ, телефондар нарығында компанияның табысы 49%-ға құлаған (4,5 млн Lumia, өткен жылы 10,5 млн болған). Ал Windows Server, Windows Azure және SQL Server секілді жобаларды жүргізетін Intelligent Cloud бөлімі 5%-дық өсімді көрсеткен.
Компанияның өткен жылды сәтсіз аяқтаған бөлімдері ішінде Productivity and Business Processes (2% төмендеу), More Personal Computing (Bing іздеу жүйесіне жауап береді, 5% төмендеу) бөлімдері бар.

-
+2