Қытайлықтар Ubuntu-смартфонын таныстырды

Қытайдың Meizu компаниясы ubuntu жүйесіне негізделге смартфонын таныстырды. Оны қазіргі кездегі ең мықты Ubuntu смартфон десек жаңылыспаймыз. Canonical компаниясымен бірігіп жасалған смартфон Meizu Pro 5 Ubuntu Edition деп аталады.



Бұл құрылғы Ubuntu Touch қойылған бесінші смартфон. Осы жылы Ubuntu жүйесінде көптеген телефондар мен планшеттер шығады деп күтіліп жатыр.

Meizu Pro 5 Ubuntu Edition смартфоны сегізядролы Samsung Exynos 7420 процессорымен, 3 және 4Гб оперативті жадымен және 32 немесе 64 Гб жадымен, 5,7-дюймды (1920 × 1080) AMOLED дисплейімен, Corning Gorilla Glass 3 қорғаушы әйнегімен жабдықталған.



Сонымен бірге, мынадай характеристикаларды айтуға болады:
— негізгі камера 21 мегапискел (30 к/с жиілікпен 4K-видео түсіру мүмкіндігі бар)
— фронтальді камера 5 мегапиксел
— саусақ іздерінің сканері
— батарейкасы 3050 мА·сағ

Басқаша айтқанда бұл смартфонның мүмкіндіктері 2015 жылы шыққан Meizu Pro 5 смартфонымен бірдей.

Meizu Pro 5 Ubuntu Edition будет продаваться только на китайском и европейском рынках. Предварительные заказы на покупку этого флагманского продукта начнут приниматься во время проведения выставки Mobile World Congress 2016 (22–25 февраля). Стоимость изделия пока не сообщается.

Meizu Pro 5 Ubuntu Edition бастапқыда тек қытай және еуропа нарықтарында ғана сатылады. Алдын ала тапсырысты Mobile World Congress 2016 (22–25 ақпан) көрмесі өткеннен соң беруге болады. Смартфон бағасы әлі айтылмады.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.