WWDC конференциясының негізгі тақырыптары: жаңа OS X, iOS 9, музыкалық сервис және Swift кодының ашылуы

Кеше кешке Apple-нің бағдарламалаушыларға арналған WWDC-2015 конференциясы өтті. Әдеттегідей компания конференцияда өзінің өнімдеріндегі бірнеше жаңалықтарды таныстырып өтті. Олардың ішіндегі ең елеулісі музыкалық сервис болған болса керек. Бұл сервис Spotify-дың бәсекелесі болмақ. Жаңа OS: El Capitan Бірнеше айға созылған сыбыстардан соң Apple ақыры өз құпиясын ашты және жұртшылыққа жаңа Mac OS X 10.11 El Capitan операциялық жүйесін...


  • +3

Wordpress-те сайт жасап үйренеміз.

Салем достар. IT бағытындағы қазақ тіліндегі жақсы сайттың бірі, әрі бірегейі екенсіздер. Мен бұл блогта тек сілтеме жасап кеткім келеді. Мен allitAlmaty ұжымының маманымын. Сондықтан осы ұжымның қазақ тілінде жасаған «Wordpress-те сайт жасау. Ашық сабақтар» бейне баян сабақтарын ұсынғым келеді.Қазірге тек промо роликті және алғашқы сабағына ғана сілтеме жасағым келеді. Егер қызығушылық туып, сұраныс болса қалған сабақтарды да...


  • +4

Microsoft еуропа елдерінің үкіметтеріне өнімдерінің кодтарын тексеруге мүмкіндік береді

Microsoft еуропа елдерінің үкіметтеріне өнімдерінің кодтарын тексеруге мүмкіндік береді. Осылай үкіметтер Microsoft өнімдерінде ешқандай бэкдорлар (компьютерге қосылып жасырын ақпарат алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар) жоқтығына көз жеткізе алады. Ондай тексерулер Брюссел қаласында Microsoft жаңадан ашқан «Microsoft Transparency Center» орталығында жүргізіледі. Microsoft Security вице президенті Мэт Томлинсонның айтуы бойынша,...


  • +3

Джейлбрейк iOS 9: TaiG хакерлері Apple-нің шақыруын қабыл алды

Apple барлық кезде джейлбрейкке қарсы тұрды, өйткені, джейлбрейк барлық қорғану механизмдерін айналып өтіп кез-келген бағдарламаны орнатуға мүмкіндік береді, солардың қатарында тексерілмеген, сенімсіз бағдарламалар да болуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметке қарағанда, дүйсенбі күні болатын WWDC шарасында таныстырылатын iOS 9 жүйесінде Rootless технологиясы пайда болады. Apple-нің ойынша ол джейлбрейк жасауды теориялық тұрғыдан мүмкін емес етеді....


  • +3

Windows 10 жүйесінен алып тасталатын мүмкіндіктер

Windows 10 жүйесінің жарық көру күні жақындап келеді. Бірақ егер сізде 8.1 немесе 7 тұрған болса жаңа жүйеге өтуге аса қажеттілік жоқ, сонда да көп пайдаланушылар жаңа жүйеге өтуді қалайды. Егер сіз солардың қатарынан болсаңыз алдымен жаңа жүйенің «ескірген мүмкіндіктері» (жаңа жүйеден алып тасталатын мүмкіндіктер) бөлімін қарап алуды кеңес береміз. Өйткені сіздің сүйікті мүмкіндігіңіз жаңа жүйеден жойылып кетуі мүмкін. Бұл...


  • +3

"Мен хакермін" немесе "Егер мақтанғыңыз келсе"

Супер-пупер компьютерщик болып көрінгіңіз келе ме? Ол үшін қол астыңызда барлық нәрсе бар. Интернет болса болғаны. Мен мұнда экраныңызды қалай хакердің экранына айналдыру туралы әңгіме айтайын. Яғни, біз қазір хакер экранын имитация жасайтын сайттар мен бағдарламаларды қарастырамыз. Біреу міреу біз туралы кино түсіріп қалса керек болып қалар. Бұл трюктарды қауіпсіздік мекемелерінде, полицияның қасында орындауға кеңес бермеймін....


  • +4

Microsoft үш платформада (Linux, Mac OS, Windows) жұмыс істей алатын тегін Visual Studio Code редакторын таныстырды

Осы Build developer конференциясында, Microsoft жаңа Visual Studio Code тегін, кроссплатформалы редакторын таныстырды. Редактор веб бағдарламалар жазуға арналған. Жоба әлі бастапқы сатыда, бірақ оны қазір де жүктеп алуға болады. Бұл ең алғашқы Microsoft ұсынған кроссплатформалы бағдарлама. Бұған дейін компания бағдарламаларды тек Windows үшін ғана жасайтын. Осы жағдай компания басқа платформаларға да назар аудара бастағанын...


  • +4

Сәуір айы бойынша ең танымал бағдарламалау тілдер рейтингі

Егер сіз бағдарламалаумен айналысамын деп шешім қабылдап, бірақ қай тілді таңдауды білмей жатсаңыз, тіл таңдаудың екі түрлі әдісі бар: әр тілді қарастырып шығып жаныңа жаққанын таңдау немесе жай ғана ең танымал тілді таңдап алу. Екінші жолмен таңдалған тіл нарықта сұранысқа ие және оңайы болып шығады. Сәуір айы нәтижесі бойынша Java осындай тіл болды, екінші орында C тілі, үшінші орында C++. Бұл нәтижелер Tiobe зерттеу компаниясының жасаған...


  • +3

AngularJS-пен бейнежаттығу 2 - сервис, директива және фильтр жасау

Сәлем, Кодеолықтар! Мен сіздерге AngularJS-пен жаттығудың екінші бейнеклипін ұсынғым келіп отыр. Бұл жолы мен блог-платформаны мысалға ала отырып, қалай өзіме керекті жаңа сервис, директива және фильтрді жасауға болатынын көрсетемін. Видеоның ұзындығы бірінші видеоға қарағанда екі есе қысқа, бірақ пайдасы кем емес деп ойлаймын. Әдеттегідей сіздерге бұл жаттығумен қызықты уақыт өткізуді тілеймін және пікірлеріңізді күтемін!


  • +5

Нейрон желісі бойынша суреттегі әріпті тану

Нейрон желісі жайында көп еститінмін. Кеше бір студентке көмектесемін деп, ақыры соны оқуға тура келді. Шамалы шет жағасын түсінгендей болдым да кішігірім программа жазып тастадым. Қысқаша айтқанда, нейрон желісі — тәжірибе жинақтау, жиналған тәжірибе нәтижесінде шешім қабылдауға негізделеді. Жалпы, адамның да өмірі солай ғой. Бәрін біліп туылмайсың, көбіне, жылдар бойы жинаған тәжірибе негізінде шешім қабылдап жатамыз. Бірақ, адамның...


  • +6