Microsoft үш платформада (Linux, Mac OS, Windows) жұмыс істей алатын тегін Visual Studio Code редакторын таныстырды

Осы Build developer конференциясында, Microsoft жаңа Visual Studio Code тегін, кроссплатформалы редакторын таныстырды. Редактор веб бағдарламалар жазуға арналған. Жоба әлі бастапқы сатыда, бірақ оны қазір де жүктеп алуға болады.

Бұл ең алғашқы Microsoft ұсынған кроссплатформалы бағдарлама. Бұған дейін компания бағдарламаларды тек Windows үшін ғана жасайтын. Осы жағдай компания басқа платформаларға да назар аудара бастағанын көрсетеді.

Visual Studio Code редакторы

«Көп бағдарламалаушылар Windows-ты бағдарламалау ортасы ретінде пайдаланады, бірақ біз басқа платформаларда отырған көптеген басқа бағдарламалаушыларға назар аударуды шештік» — S. ‘Soma’ Somasegar. «Оларды Windows-қа шақырудың орнында, біз оларды отырған платформаларында қарсы аламыз». Негізінде басқа платформаларда отырғандар жеңіл редакторларды ұнатады, мысалы Sublime Text, оларға ауыр Visual Studio секілді IDE-нің қажеті шамалы.

Visual Studio Code көптеген тілдерді қолдайтын болады, олардың тізімі қазірге мыналар: JavaScript, TypeScript, Node.js және ASP.NET 5.



Редакторда заманауи қажеттіліктердің барлығы бар, синтаксистік бояу, жылдам батырмаларды баптау, сниппеттер және т.б.



Бұл жаңалық көпшілікке тосын сый болды. Өйткені алдын бұл компанияның басқа платформаларға деген дискриминациясын барлығымыз білеміз. Бірақ компанияның ақырғы кезде өзгере бастағанын және ол .NET-тің кодын ашудан басталғаны белгілі. Бірнеше жыл алдын ғана мұндай өзгерістердің болуы мүмкін емес болып көрінетін, ал қазір мұндай жаңалықтарға ешкім де таң қалмаса керек.


  • +4
5 пікір
kamyrov
itblogkz енді Linux-қа көшетін ой туындаған жоқ па бро?)
itblogkz
Linux-қа графикалық интерфейс шықсын)
kamyrov
Графикалық интерфейстер жетіп жатыр ғой: GNOME, KDE, LXDE, Xfce. Қайсысың қалайсын, соны орнатасын.
Мұнда қарап көр www.howtogeek.com/163154/linux-users-have-a-choice-8-linux-desktop-environments/
itblogkz
Бар екен ғой. Бірақ, мен бір де бір граф.интерфейс қолданып отырған linux администратор көрмедім) Командная строкада не кайф бар екенін
shainek
Қойыңдар онсыз да редакторлар толып жатыр емес пе, Sublime, Atom. Менің білуімше Microsoft жай ғана atom-ды өзгерте салған.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.