WWDC конференциясының негізгі тақырыптары: жаңа OS X, iOS 9, музыкалық сервис және Swift кодының ашылуы
- amantai
- IT-жаңалықтар / 9 маусым 2015, 14:34
- 1883
Кеше кешке Apple-нің бағдарламалаушыларға арналған WWDC-2015 конференциясы өтті. Әдеттегідей компания конференцияда өзінің өнімдеріндегі бірнеше жаңалықтарды таныстырып өтті. Олардың ішіндегі ең елеулісі музыкалық сервис болған болса керек. Бұл сервис Spotify-дың бәсекелесі болмақ.
Бірнеше айға созылған сыбыстардан соң Apple ақыры өз құпиясын ашты және жұртшылыққа жаңа Mac OS X 10.11 El Capitan операциялық жүйесін таныстырды.
Ол күздің соңына қарай қолжетімді болады. Оған жаңартылу тегін жүргізіледі. Ал бета нұсқасын перезентациядан соң жүктеп алуға болады. Жүйе Йосемит ұлттық паркіндегі биіктіктің құрметіне аталған (алдыңғы жүйе аты осы парктің құрметіне аталған болатын).
Apple осы график арқылы Yosemite-ға жаңартылу Windows-тан гөрі жақсы жүргізіліп жатқанын айтып мақтанды
Компания жүйедегі бағдарламалардың жұмыс жасауы 1.4 есе, ал олардың арасында ауысу екі есе артады деп уәде беріп жатыр.
Сонымен бірге көптапсырмалы режим пайда болады: бір экран терезесінде екі бағдарлама (Split View). Ол былай көрінеді:
Тачпад пен Spotlight іздеу функциясына да жаңа мүмкіндіктер қосылған.
«Айфон» пайдаланушылары үшін жақсы жаңалық. Жаңа жүйеде энергияны үнемдеу ммүкіндіктері жақсартылған, сондықтан компания енді телефондардың қосымша 3 сағат жұмыс жасай алатынын айтып жатыр.
Тағы бір жаңалық ол Siri дауыстық жүйесінің жақсартылуында. Жаңартылған Siri енді бұрынғыдан да қатты Google Now жүйесін еске салатын көрінеді.
Егер сізге бөтен номер қоңырау шалып жатса, Siri басқа мәліметтердің негізінде қоңырау шалушы кім екенін анықтауға әрекет жасап көреді (мысалы почта негізінде).
Компьютерлік жүйедегі секілді SplitView бағдарламасы мұнда да жұмыс жасайды. Яғни, бір экранда бірден екі бағдарламаны немесе екі видеоны ашуға болады.
Apple енді Spotify және Google Music секілді сервистермен бәсекелес бола алады. Жаңа стримингтік платформа 30 маусымнан бастап іске қосылады және iOS, OS X, Windows-та айына $9,99 бағасында қолжетімді болады (үш айлық сынақ кезеңінен кейін). Отбасы ортақ аккаунт сатып ала алады (алты адамға дейін) айына $14,99. Сервис Android платформасына да шығады, бірақ тек күздің соңына қарай.
Бағдарламаға кірген кезде ол сізден нені тыңдағыңыз келетінін сұрайды. Сіздің қалауыңызды табу үшін сервис сіздің iTunes-тағы сатып алуларыңызды қарауы мүмкін. Компания осының бәріне қоса 24 сағат бойы жұмыс жасайтын Beats 1 радиосын іске қосады.
Ал Connect қызметі музыканттардың жанкүйерлермен тікелей сөйлесуіне мүмкіндік береді. Мысалыға, музыканттық барлық әлеуметтік желілердегі жаңалықтарын бір лентаға жинауға болады.
Конференциядағы тағы бір елеулі жаңалық ол Swift тілінің жаңа нұсқасының шығуы. Жетілдірулердің ішіндегі ең елеулісі ол, кодтың C және Objective-C кодтарымен сәйкестікте бола алатындығында, бірақ ең маңыздысы: компания, бағдарламалық тілдің келесі апталарды кодының ашылатындығын (Open Source) жариялады
Түпнұсқа.
Жаңа OS: El Capitan

Жаңа iOS 9

Apple Music

Swift бағдарламалау тілінің жаңа нұсқасы

-
+3