"Мен хакермін" немесе "Егер мақтанғыңыз келсе"
- shainek
- Ақпараттық қауіпсіздік / 30 сәуір 2015, 17:21
- 4740
Супер-пупер компьютерщик болып көрінгіңіз келе ме? Ол үшін қол астыңызда барлық нәрсе бар. Интернет болса болғаны. Мен мұнда экраныңызды қалай хакердің экранына айналдыру туралы әңгіме айтайын. Яғни, біз қазір хакер экранын имитация жасайтын сайттар мен бағдарламаларды қарастырамыз. Біреу міреу біз туралы кино түсіріп қалса керек болып қалар.
Ең бірінші құрал ол geektyper.com сайты. Сіз мұнда көңіліңіз қалаған экранды таңдай аласыз. Оған қоса сізге код жазатын жер, жүктеу прогрессі, шифрование және керек десеңіз ракеталарды хакнуть ету секілді нәрселерге арнайы көрсетілімдер бар. Бірақ шыны керек онша шынайы көрінбейді, сонда да интернетті хром деп санайтын адамдар оны қайдан білсін ;).
Бұл ресурс енді қарапайымдау. Негізі хакерлер емес, тек бағдарламалаушыларға арналған сияқты. Өзіңізді өте жылдам код жазатын адам ретінде көрсетпекші болсаңыз осы сайт сізге арналған. Кіріңіз де пернетақтаны тақылдатып баса беріңіз.
Ал енді сіз Ubuntu пайдаланушы болсаңыз сізге арнайы дайын пакет бар. Бұл құралдың ең қызықтысы, ол шынайы құралдарды пайдаланады (top, vim, htop, т.с.с) тек сіздің орныңызға өзі жалған әрекеттерді жасап тұрады. Сондықтан да бұл ең шынайы көрінетін симулятор шығар. Ubuntu 15.04 пайдаланушылары бұл құралды hollywood пакетін орнату арқылы ала алады. Мысалыға алдыңғы екі ресурс олар жай сайттар, және html css арқылы өмірде жоқ нәрселерді көрсетеді.
Иә, егер линукс пайдаланушысы болсаңыз сізге ешқандай құралдың керегі жоқ. Сіз онсызда супер пупер хакер болып көрінесіз. Тек терминалды қосу керек әрине. Мына әрекеттерді орындап көріңіз:
1) Ctrl + Alt + F1 (бізге графика қажет емес, хакерлер графиканы мүлдем пайдаланбайды)
2) Кейін сізге tmux + htop + vim бағдарламалары қажет болады
3) tmux-пен экранды бірнеше бөлікке бөліп, біреуінде tail -f /path/to/log/file деп логтарды ашып тастаймыз, екінші бөлікте htop ашып, үшінші бөлікте vim-мен кез-келген код ашып қоя салыңыз. Сонда сізде хакердің экраны бар болады.
No comment... (ұсыныстарыңыз болса пікірде жазыңыз, виндовста білмейді екем не істеуге болатынын)
Бұдан басқа білетін қызық ресурс немесе құралдарыңыз болса пікірде қалдырыңыздар, егер де жұмыс үстеліңіз ешқандай құралсыз хакердің экранына ұқсаса (демек сіз хакерсіз) жұмыс үстеліңіздің суретін қалдырсаңыз да болады. Негізі бұл құралдардың пайдасы бар, егер жұмысыңызға телевидениядан немесе кино түсіріп келіп қалса, кез-келген жоғарыда көрсетілген құралдардың бірін аша салыңыз. Не көрсетем деп ойланып отырмай ;). Сонда коммерциялық құпия анау-мынау деген сөздер де болмайды.
Келе жатқан мерекелеріңізбен!
Бұл трюктарды қауіпсіздік мекемелерінде, полицияның қасында орындауға кеңес бермеймін.
Geektyper.com
Ең бірінші құрал ол geektyper.com сайты. Сіз мұнда көңіліңіз қалаған экранды таңдай аласыз. Оған қоса сізге код жазатын жер, жүктеу прогрессі, шифрование және керек десеңіз ракеталарды хакнуть ету секілді нәрселерге арнайы көрсетілімдер бар. Бірақ шыны керек онша шынайы көрінбейді, сонда да интернетті хром деп санайтын адамдар оны қайдан білсін ;).
hackertyper.net
Бұл ресурс енді қарапайымдау. Негізі хакерлер емес, тек бағдарламалаушыларға арналған сияқты. Өзіңізді өте жылдам код жазатын адам ретінде көрсетпекші болсаңыз осы сайт сізге арналған. Кіріңіз де пернетақтаны тақылдатып баса беріңіз.
Hollywood Technodrama
Ал енді сіз Ubuntu пайдаланушы болсаңыз сізге арнайы дайын пакет бар. Бұл құралдың ең қызықтысы, ол шынайы құралдарды пайдаланады (top, vim, htop, т.с.с) тек сіздің орныңызға өзі жалған әрекеттерді жасап тұрады. Сондықтан да бұл ең шынайы көрінетін симулятор шығар. Ubuntu 15.04 пайдаланушылары бұл құралды hollywood пакетін орнату арқылы ала алады. Мысалыға алдыңғы екі ресурс олар жай сайттар, және html css арқылы өмірде жоқ нәрселерді көрсетеді.
Linux
Иә, егер линукс пайдаланушысы болсаңыз сізге ешқандай құралдың керегі жоқ. Сіз онсызда супер пупер хакер болып көрінесіз. Тек терминалды қосу керек әрине. Мына әрекеттерді орындап көріңіз:
1) Ctrl + Alt + F1 (бізге графика қажет емес, хакерлер графиканы мүлдем пайдаланбайды)
2) Кейін сізге tmux + htop + vim бағдарламалары қажет болады
3) tmux-пен экранды бірнеше бөлікке бөліп, біреуінде tail -f /path/to/log/file деп логтарды ашып тастаймыз, екінші бөлікте htop ашып, үшінші бөлікте vim-мен кез-келген код ашып қоя салыңыз. Сонда сізде хакердің экраны бар болады.
Windows

-
+4