Джейлбрейк iOS 9: TaiG хакерлері Apple-нің шақыруын қабыл алды

Apple барлық кезде джейлбрейкке қарсы тұрды, өйткені, джейлбрейк барлық қорғану механизмдерін айналып өтіп кез-келген бағдарламаны орнатуға мүмкіндік береді, солардың қатарында тексерілмеген, сенімсіз бағдарламалар да болуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметке қарағанда, дүйсенбі күні болатын WWDC шарасында таныстырылатын iOS 9 жүйесінде Rootless технологиясы пайда болады. Apple-нің ойынша ол джейлбрейк жасауды теориялық тұрғыдан мүмкін емес етеді.



iDigitalTimes-қа берген интервьюларында қытай хакерлері Apple-нің бұл күреске шақыруын қабыл алғанын жариялады. Енді барлық команда тек iOS 9 жүйесімен айналысатын болады. TaiG құрамындағы Рэй Кси айтуы бойынша «тоғызыншы нұсқаны» бұзуға әрекет жасаудың себептері бар, өйткені «бұл операциялық жүйенің басты жаңартылуы». Енді хакерлерде Rootless-тің кесірінен қиындықтар пада болуы мүмкін.

Rootless туралы мәліметтер қазірде өте аз. Жалпылама айтқанда оның жұмысы жүйенің маңызды файлдарын басқа бағдарламалар өзгерте алмауына негізделген. Apple-нің ойы бойынша бұл платформаның қауіпсіздігін жоғарылатады.

Интервьюда TaiG iOS 8.3. үшін джейлбрейк жасайтынын жоққа шығарды «Біз iOS 9 ға дейін ешқандай джейлбрейк жасауды жоспарлап отқан жоқпыз», — деді Кси. Ал Apple Watch бұзуы туралы сұраққа, хакер әлі оған себеп көріп тұрған жоқтығын айтты: «Apple Watch үшін джейлбрейк жасау жобамызда жоқ. Apple Watch — бұл жаңа өнім. Біз оның қаншалықты кең таралатынын білмейміз. Сонымн бірге, джейлбрейк жасау мүмкін бе жоқ па оны да білмейміз. Уақыт көрсетеді.»



Қытай хакерлері Шанхайда өткен MOSEC 2015 қауіпсіздік конференциясында iOS 8.3 бұзу үшін арналған құралдарды таныстырған болатын. Олардың айтуы бойынша жүйенің қауіпсіздік механизмі барлық дерлік құрылғыларда бұзылған. Сондықтан әлде де болса iOS 8.3 үшін джейлбрейк шығуы мүмкін. Бірақ сұрақ оның қашан шығатындығында ғана.

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.