Сәуір айы бойынша ең танымал бағдарламалау тілдер рейтингі
- qwerty
- Бағдарламалау / 23 сәуір 2015, 13:57
- 3076
Егер сіз бағдарламалаумен айналысамын деп шешім қабылдап, бірақ қай тілді таңдауды білмей жатсаңыз, тіл таңдаудың екі түрлі әдісі бар: әр тілді қарастырып шығып жаныңа жаққанын таңдау немесе жай ғана ең танымал тілді таңдап алу. Екінші жолмен таңдалған тіл нарықта сұранысқа ие және оңайы болып шығады. Сәуір айы нәтижесі бойынша Java осындай тіл болды, екінші орында C тілі, үшінші орында C++. Бұл нәтижелер Tiobe зерттеу компаниясының жасаған зерттеулерінің арқасында алынды.
Tiobe әлем бойынша тілдердің танымалдылығын есептеп, әр тілдің танымалдыдық пайызын шығарады. Рейтингтер бағдарламалау тілдерінің іздеу жүйелерінде қанша рет айтылғанына негізделген. Мұндай жүйелердің қатарында Google, Bing, Yahoo!, Уикипедия, Amazon, және Baidu бар. Рейтингтер бірінші кезекте бағдарламалаушылардың әлемде болып жатқан үрдістер мен өзгерістерін бақылай алуы үшін жасалған.
Apple компаниясы өткен жылы таныстырған Swift тілі алғашқы жиырмалыққа да енбей қалды, ол қазір 24-орында.
Ең қызығы соңғы жылдары Java тілінің танымалдылығы төмендеп келетін. 2012 жылы бірінші орыннан түскенінен бері Java, C тілімен бірінші және екінші орынды бір бірімен алмасып келеді.
Аналитикадан бөлеу, Tiobe-да бағдарламалау тілдеріне арналған құрмет залы бар. Құрметке ие «Жыл тілі» мәртебесін жыл барысында ең жылдам дамуды көрсеткен тіл алады. Өткен жылы мұндай құрметке JavaScript ие болды. Ал Java мұндай мәртебеге тек 2005 жылы ғана ие болған болатын.

Сәуір айы бойынша Топ-20 бағдарламалау тілдері
Apple компаниясы өткен жылы таныстырған Swift тілі алғашқы жиырмалыққа да енбей қалды, ол қазір 24-орында.
Ең қызығы соңғы жылдары Java тілінің танымалдылығы төмендеп келетін. 2012 жылы бірінші орыннан түскенінен бері Java, C тілімен бірінші және екінші орынды бір бірімен алмасып келеді.
Бағдарламалау тілдерінің танымалдылығы қалай өзгерді

-
+3