AngularJS-пен бейнежаттығу 2 - сервис, директива және фильтр жасау


Сәлем, Кодеолықтар!

Мен сіздерге AngularJS-пен жаттығудың екінші бейнеклипін ұсынғым келіп отыр. Бұл жолы мен блог-платформаны мысалға ала отырып, қалай өзіме керекті жаңа сервис, директива және фильтрді жасауға болатынын көрсетемін.


Видеоның ұзындығы бірінші видеоға қарағанда екі есе қысқа, бірақ пайдасы кем емес деп ойлаймын.
Әдеттегідей сіздерге бұл жаттығумен қызықты уақыт өткізуді тілеймін және пікірлеріңізді күтемін!

  • +5
9 пікір
Abylai_adil
Тақырыптарың мен нақыл сөзерің ӨРТ! :D
Abylai_adil
raimbek BackboneJS-те қашан жазып шығасың?
raimbek
Негізі backbone фреймворкы Model, View, Router, Collection түсінігімен бітеді :). Оның бәрі өткен жолғы мақалада көрсетіліп қойды. Яғни бұл бағдарламаны жазғанда да өткен жолғыдан көп жаңалық болмайды. Сондықтан жазу қажет па қажет емес па ойланып тұрм)).
Abylai_adil
КЕРЕМЕТ! Соңына дейін көріп шықтым. Рахмет!
qwerty
Рақмет, тамаша жазылыпты.
shainek
Тамаша. Енді кукилармен, localestorage-мен жұмыс туралы видео болса қатып кетер еді. Егер сервер жақты қалай php-да жұмыс жасатуды көрсетсеңіз қуанышта шек болмас еді.
domalak
Сервер жақты қамту ойым бар, бірақ php емес nodejs-ті қолдану арқылы.
qwerty
Менің білуімше қазірге Қазақстанда nodejs-те продакшн сайт көтере алатындай хостинг жоқ. Ол жағын қарастырмадыңыз ба?
domalak
Көтеруге болады, бірақ ол үшін VPS-сервер керек. Ал онда өзіңіз білесіз, NodeJS қоясыз ба, Ruby on Rails қоясыз ба, тіпті Go тілінде істейтін сайт жасасаңыз болады.
Мен Javascript-ке басыммен кіріп кеткен адаммын. Сондықтан клиент жақта да, сервер жақта да сол тілді қалай қолдануға болатынын көрсеткім келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.