Microsoft еуропа елдерінің үкіметтеріне өнімдерінің кодтарын тексеруге мүмкіндік береді
Microsoft еуропа елдерінің үкіметтеріне өнімдерінің кодтарын тексеруге мүмкіндік береді. Осылай үкіметтер Microsoft өнімдерінде ешқандай бэкдорлар (компьютерге қосылып жасырын ақпарат алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар) жоқтығына көз жеткізе алады. Ондай тексерулер Брюссел қаласында Microsoft жаңадан ашқан «Microsoft Transparency Center» орталығында жүргізіледі.
Microsoft Security вице президенті Мэт Томлинсонның айтуы бойынша, еуропа елдерінің үкіметтері тек кодқа қана емес, қаіпсіздік туралы маңызды ақпараттарды қарауға мүмкіндік алады. Бұл орталықтың ашылуы Microsoft-тың үкімет сенімін алу жолындағы тағы бір қадам болды.
«Брюсселдегі орталық Еуропа елдеріне, Таяу Шығыс және Африка елдері кодтарды тексере алуы үшін ыңғайлы мекен. Олар кодтарды тексеру арқылы өнімдердің қауіпсіздігіне көз жеткізе алады», — деп жазды Томпсон өз блогында.
Бұл алғашқы орталық емес. Бұрын да Microsoft осындай орталықтарды Редмонтта, Вашингтонда ашқан болатын. Бұл жобалар Government Security Program бағдарламасының бір бөлігі. Бағдарлама үкіметпен сенімді қарым-қатынас құру мақсатында 2003 жылы құрылған болатын.
Бағдарлама мүшелері (42 әр түрлі агенттіктер және 23 мемлекет), Microsoft компаниясының 10 басты өнімдерін сараптай алады. Олардың қатарында Windows 8.1, 7 және Vista бар. Оларға қоса Windows Server, SharePoint 2010 және Office әр түрлі нұсқаларын қарау мүмкіндіктері де бар.
Түпнұсқа.
-
+3