Windows 10 жүйесінен алып тасталатын мүмкіндіктер
Windows 10 жүйесінің жарық көру күні жақындап келеді. Бірақ егер сізде 8.1 немесе 7 тұрған болса жаңа жүйеге өтуге аса қажеттілік жоқ, сонда да көп пайдаланушылар жаңа жүйеге өтуді қалайды. Егер сіз солардың қатарынан болсаңыз алдымен жаңа жүйенің «ескірген мүмкіндіктері» (жаңа жүйеден алып тасталатын мүмкіндіктер) бөлімін қарап алуды кеңес береміз. Өйткені сіздің сүйікті мүмкіндігіңіз жаңа жүйеден жойылып кетуі мүмкін.
Бұл бөлімнің көпшілігі ескірген драйверлер және қолдауы тоқтатылған құрылғылар мен бағдарламалардан тұрады. Бірақ кейде кейбір мүмкіндіктер, қызметтер жүйе ядросынан алып тасталуы мүмкін.
Бұл жолы ең ірі алып тасталу Windows Media Center болса керек. Бірақ бұл жалғыз ғана алып тасталу емес. Microsoft 10 жүйесінің веб бетінен:
Алып тасталатын мүмкіндіктер бөлімі
- Егер сізде Media Center орнатылған Windows 7 Home Premium, Windows 7 Professional, Windows 7 Ultimate, Windows 8 Pro немесе Windows 8.1 Pro жүйесі тұрған болса, Windows 10 жүйесіне өту кезінде Media Center толығымен жойылады;
- DVD дисктерді қарау үшін енді жеке бағдарлама орнатуыңыз керек;
- Windows 7 гаджеттері де толығымен жойылады;
- Windows 10 Home жүйесінің пайдаланушылары автоматты түрде Windows Update орталығынан жаңартылады, яғни пайдаланушының еркінсіз. Ал Windows 10 Pro және Windows 10 Enterprise пайдаланушылары жаңартуды кейінге қалдыра алады.
- Windows 7 жүйесімен бірге орнатылатын Пасьянс, Сапер және Карта ойындары толығымен жойылады;
- Егер сізде сыртқы USB қатқыл диск болса Windows Update орталығынан немесе құрылғыны жасап шығарушы сайтынан драйвердің соңғы нұсқасын (Windows 10 үшін) орнатуыңыз керек болады;
Тізімде анау айтқан маңызды ештеңе жоқ. Егер сіз Windows 7 гаджеттерін жақсы көрсеңіз, Windows 10 -ға жаңарту туралы екі рет ойланыңыз. Бірақ жақын арада Windows 10 үшін де гаджеттердің аналогтары шығатынына сенімдімін. Сыртқа қатқыл диск көп адамды қорқытады деп ойламаймын, ал Пасьянстың жоғалуы көп адамды жаңартудан тоқтатып тұрса керек ;).
-
+3