Wordpress-те сайт жасап үйренеміз.

Салем достар.

IT бағытындағы қазақ тіліндегі жақсы сайттың бірі, әрі бірегейі екенсіздер.
Мен бұл блогта тек сілтеме жасап кеткім келеді.

Мен allitAlmaty ұжымының маманымын. Сондықтан осы ұжымның қазақ тілінде жасаған «Wordpress-те сайт жасау. Ашық сабақтар» бейне баян сабақтарын ұсынғым келеді.Қазірге тек промо роликті және алғашқы сабағына ғана сілтеме жасағым келеді. Егер қызығушылық туып, сұраныс болса қалған сабақтарды да осында сілтеме жасап жариялауға тырысамын. Сондай ақ кез-келгеніңіз осы бейне баяндарды қалауыңызша қолданып, сілтеме жасауға және кез келген жерде жариялап таратуға мүмкіндігіз бар. Мен осы ұжымның мүшесі ретінде рұқсат беремін және шақырамын. Себебі осылай қазақ тіліндегі IT саласындағы мағұлыматтар, ақпараттар қоры ұлғайады, және сапасы артады деген ойдамын.

Біздің ұжым болашақта тағы көптеген сабақтар, блог посттар жазып, жариялайтынына сенімдімін. Біз бөлісуге әзірміз. Пікіріңізді білдіріп, ойыңызбен бөліссеңіз болғаны. Қараңыздар, жазыңыздар. Күтеміз.

Wordpress-те сайт жасау. Сілтеме



Бірінші сабақ. Сілтеме


  • +4
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.