Linux

36 оқырман, 27 жазба
+5.77

Linux туралы

Kazsid - қазақша Линукс үлгісі

Debian негізінде жасалған, Kazsid — демо диск, яғни, аударманың ағымдағы қалып-күйін көрсету үшін (негізінде) арналған. Ай сайын жаңартылады. LiveCD — ортанусыз-ақ жасай береді. Жұмыс үстел ортасы — Xfce, құрамында Iceweasel (Firefox) браузері, LibreOffice кеңселік бағдарламалар дестесі, т.б. кішілеу қолданбалар бар. Қолданбалардың көбінде қазақша интерфейс бар. Соңғы шығарылымы — Kazsid 20131221 Қазақша Линукс орнатып көрем...


  • +3

Linux операциялық жүйесімен қаншалықты таныссыз?

Linux — ашық кодты, тегін операциялық жүйе. Көпшілік оны, қиын жүйе, жәй адамдар (IT мамандар емес) күнделікті пайдалана алмайды, пайдалану үшін 100 жыл оқу керек деп ойлайды. Codeo пайдаланушылар арасында линуксойдтар қаншалық көп екенін қарап көретін уақыт келді )). Сауалнама автордың жеке қызығушылығына арналған болып, ешқандай саяси, экономикалық мақсаттарды көздемейді. Егер сіз қалаған вариант жоқ болса, өтінеміз, комментарийде...


  • +1

Командалық жолда интернет жылдамдығын анықтау

Интернет жылдамдығын анықтаудың бірнеше әдісі бар. Мысалға көбіміз ноутбуктарымыздағы интернеттің жылдамдығын анықтау керек болған кезде speedtest.net сайтына жүгінеміз, кейбіреулері басқа сайттарды негізге алады, ал қалғандары Conky сияқты виджеттерді және көптеген т.б. бағдарламаларды/әдістерді қолданады. Кейде серверлерімізде интернет қуатын кездер болып жатады, ондайда нақты қателер амалдық жүйеде ме, әлде провайдерде ме...


  • +6

8Gb RAM Debian VPS-сервер -дің my.cnf файлын баптау

Осыдан 1 жыл бұрын Қазақстандық хостерлердің қызметіне көңілім толмай, көршілердің хостинг қызметтеріне жүгінген болатынмын. Басты себеп: Хостинг бағасы. Қазақстандағы хостинг ұсынушы компаниялар бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Бұл тақырыпты ұзақ созбай-ақ, қысқаша сипаттап кетейін. 1. Қазақстандық орташа ВПС-сервер, айына 15 000 теңге төлеуіңіз қажет. 75 GB ақпарат сақтайтын орын. 2 x 2.27 GHz процессор. 3 ГБ оперативті жады 1...


  • +3

Халыққа Интернет керек (Ubuntu шлюз)

Виндоус анау, виндоус мынау деп жатудың қажеті жоқ шығар, қолымызда убунту орнатылған сервер, бір интерфейсіне (сетевая карта) провайдерден Интернет келіп тұрса, келесі интерфейсі офис желісіне қосылған. Жалпы дәл мынадай болады деп жазу мүмкін емес, себебі әр сервер өзіне жүктелген қызметке байланысты сәйкесінше бапталады. Біздің мысалда тек жалпылама баптау, одан әрі түрлендіру өз еріктеріңізде. Сервердің eth0 интерфейсіне интернет келіп...


  • +7

Canonical Ubuntu 14.10 (Utopic Unicorn) дистрибутивін көпшілік қауымға ұсынды

Кеше түнде Canonical серверлерінде ubuntu жаңа дистрибутивін жүктеп алу үшін торрент файлдар мен сілтемелер пайда болды. Iso файлын мына жерден жүктеп алуға болады. Бірден көзге түсетін немесе ауыз толтырып айтатын өзгерістер жоқ. Интерфесте де көп өзгерістер жоқ. Қызық жаңалықтардың бірі ретінде «Ubuntu Developer Tools Centre» құралының пайда болуын айтуға болады. Оның көмегімен Android SDK және оған керек барлық құралдарды...


  • +7

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 2-бөлім (1/5): Регулярлық формулалар

Бұл мақала аударма, түпнұсқасы мына жерде орналасқан. Алғы сөз Осы оқулық жайлы "Әкімшілендіру ежелеріне" қош келіпсіздер. Бұл Linux Professional Institute-дағы 101 емтиханына дайындалуға жазылған төрт нұсқаулықтың екіншісі. Бұл бөлімде біз регулярлық формулаларды пайдалану арқылы файлдан мәтіндерді үлгі бойынша табуды қарастырамыз. Содан соң, сіз «Файлдық жүйе құрылымы стандартымен» (Filesystem Hierarchy...


  • +1

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 1-бөлім (2/4):Файлдарды және папкаларды басқару

Бұл бөлімшеде файлдармен және файлдық жүйемен жұмыс жасайтын ls, mkdir, touch, mv, cp секілді командалар қарастырылады. echo және cat қолданылулары келтіріледі. Файлдық жүйедегі инодтар туралы айтып өтіледі. Бұл мақала аударма, түпнұсқасы мына жерде орналасқан. Linux командаларын пайдалану ls командасымен танысу Енді, ls командасын тез қарастырып өтейік. Linux-пен алдын кездескен болсаңыз, ол қазіргі папканың...


  • +1

Ubuntu серверінде интернеттің жылдамдығын тексеру

Сервердегі интернет жылдамдығын тексеру керек болып қалды. Графикалық интерфейс жоқ болғасын, speedtest сайтын қолдана алмадық. Осыған орай, терминалдағы команда арқылы тексеру тәсілі керек болды. Команданы тауып алдық. Бар болғаны терминалда келесі команданы теру керек екен. <code>curl -s https://raw.githubusercontent.com/sivel/speedtest-cli/master/speedtest.py | python -</code> Нәтижесінде кіріс және шығыс жылдамдығын...


  • 0

Windows адам емес екенсің

Сәлем қызметтестер. Жақында жұмысқа тұрып, хикикамори атағынан арылдым. Жұмыс қайнап жатыр. Jiraдан көптеген задачаларды алып, көміліп қалдым. Қазір оларды шешудің орнына осында мақала жазып отырмын. Неге екенін қазір айтамын. Басында ноутбукты үйдегілер кредитке алып берген. Ішінде 4-гик АЗУ, 2-гик VIDEO-RAM, 1.7-ghz intel тасы бар. Сатып алынған кезде бастапқы жүйе ретінде ubuntu тұрды. Үйдегілер ол не windows жаза салмайсың ба? деген соң...


  • +1