Windows адам емес екенсің

  • avatar
  • Linux / 12 ақпан 2017, 00:38
  • 3320
Сәлем қызметтестер. Жақында жұмысқа тұрып, хикикамори атағынан арылдым. Жұмыс қайнап жатыр. Jiraдан көптеген задачаларды алып, көміліп қалдым. Қазір оларды шешудің орнына осында мақала жазып отырмын. Неге екенін қазір айтамын. Басында ноутбукты үйдегілер кредитке алып берген. Ішінде 4-гик АЗУ, 2-гик VIDEO-RAM, 1.7-ghz intel тасы бар. Сатып алынған кезде бастапқы жүйе ретінде ubuntu тұрды. Үйдегілер ол не windows жаза салмайсың ба? деген соң оны алып тастап, Терезе 8.1 орнаттым. Басында Қанат Әлжапартың автоматы сияқты втрлатып отырды. Кейін мен оған софт, бір-екі ойын жаздымда, бір айдай қиындықты көрмедім. Енді сол автоматтым очередтермен ата бастағаны бір болсын, соңға кездері шашалып қала беретін болды. Міне бүгін сол себепті осы постты жазып отырмын.

Алдымен мен Windows-ті өзім емдеп, өлім аузынан сақтап қалғым келді

Cолай кінәратті іздей бастадым. Барлық мәселе диспетчер задачты ашқанда анықталды.Загрузка жесткого диска 100% да тұр екен. Мен дәл осы сөзді орыс, ағылшын сайттарынан іздей бастадым. Сонымен олар не дейді.
  1. Windows задачаларына кіріп, поиск пен super-fetch задачаларын өшір. Ол үшін windows + R батырмасын басып, services.msc енгіз. Сосын windows-search пен super-fetchді өшіріп тастау т.б. Бұл мәселені шешкен жоқ. Келесі…
  2. Youtubeтен бір видеодан schedules-тан простаивание системы дегенді өшіріп. Оны әрең жүзеге асырдым. Сонымен мәселе шешілгендей болды бастапқыда. Бірақ windows неге екені белгісіз күннен халі нашарлай берді. Бүгін оны аяп, одан ақыры қинай бергім келмеді.
Сонымен не переустановка, не басқа жүйеге сатылып кету тұрды алдымда. Хош терезелер мен дедім де, google-ге popular linux distro 2017 деп теріп жаздым.
Windows қарапайы қазақ баласы үшін жалғыз операциолық жүйе сияқты көрінеді. Көбісі linux-тің дистрибутивтерін бар екендігін де білмейді. Мен мысалы linux-ке тек git-bash терминалын қолданып жүріп көшкем. Көптеген жерлерде, әсіресе оқу орындарында linux-тің толық мүмкіншіліктерін қолданбайды. Мектепте жәй оның тарихын айтып береді де, сабақ журналында оқушылармен бірге бүкіл нәрселерін шашып тастадық, деп отчет жазады. Ал шын мәнінде ол нағыз компьютердің майын ішкен адамдардың таңдауы.Кез-келген жігітке сына бермейтін вконтактідегі қыздарға ұқсайды. Тіпті менде оны толыққанды игер алмай жатырмын. Қазір cron, grep утилиталарына қолданатын адамдарға, екі саусығымнан басқаларын жұмып, RESPECT жіберіп отырмын(Уважуха). Солай Linux деген жақсы ғой. Тек оның қайсысын таңдаймын деген тағы бір сұрақ пайда болды.

Жорғалардың ішінде қайсысы Құлагер

Алдымен таңдауым ubuntu gnome-ге түсті. Недегенмен бұл linux жүйесінің отбасысында windows-тің рөлін атқарады. Және gnome өзінің докерларымен MacOSтің жүйесінде отырғандай әсер береді. ЖАЛҒАН ӘСЕР. Сосын тағы бірнеше ubuntu-дің бауырлары көзіме шалынды kali, Linux-mint, archLinux, steamOs тіпті chrome os. Дегенмен соңғысы құры браузер екендігін түсіндім де, келесі мақаланы аштым. Мұнда Elementary OS тауық жылы көшбастайды, ойланбай соны таңда деген сөз, мені қызықтырып жіберді. Сосын олардың жеке сайтын ашып көрмек ниетпен сайтына жол аштым. Сайтта басқалар сияқты 2000 жылғы сайт емес, жақсы әсер беретін көзге эстетикалық жағымды бірінші әсері қалдырды. Міне осы бір қарағанда қарапайым лендинг мені шыныменде сатып алды. Онда кез-келген компьютерде қосылады, көп ресурстарды жемейді, элегантты дизайн барлығы бар деп жазылып тұрды. Сонымен не керек, мен оны қазір қарғыс атқыр жаман интернетмен жазып отырмын…

P.S. CУРЕТ МЫНА ЖЕРДЕН АЛЫНҒАН CІЛТЕМЕ

  • +1
2 пікір
Khan
Қазіргі кезде бірнеше баг кездесті. Сол себепті Elementary OS стабильный деп айта алмаймын өкінішке орай. Дегенмен қолдануға болады
Khan
Бірнеше багтары бар екен. Сол себепті шала-ос әлі. Көшуге кеңес бермес едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.