Linux

36 оқырман, 27 жазба
+5.77

Linux туралы

Vagrant құралын LAMP ретінде пайдаланамыз (Xampp, Denwer, WampServer альтернативасы ретінде)

Бір тағдырдың тағлымымен менің интернет дүкен жасауым керек болды. Ары бері cms-терді қарап OpenCart жүйесін таңдап алдым. Басқаларды қайдам, мен бірден продакшнға кете алмаймын )). Сондықтан cms жүйені тексеріп көру керек. Ол үшін не керек? Дұрыс, бірінші кезекте LAMP жүйе. Мен php-мен осыдан 2 жыл алдын кездескен шығармын, сондықтан онымен қайта кездескім келмейді ;). Байқап қарасақ LAMP жүйелер өте көп: Denwer, Xampp, WampServer…...


  • +4

Ubuntu 14.04 LTS (Trusty Tahr) -ды жүктеп алуға болады!

Сүйінші достар, Убунтудын жаңа нұсқасы шықты! Қажетті нұсқасын таңдап, жүктеулеріңізге рұқсат. Жаңа дистрибутивтегі басты жаңалықтар: Linux kernel 3.13 SSD үшін TRIM қызметі үнсіз келісім бойынша қосылды Dash-тың ықыластығы нығайды Unity үшін жаңа локскрин және жаңа скринсейвер Жаңартылған Libreoffice 4.2.3 HiDPI (High pixel density display) жоғары кеңейтілімі бар дисплейлерді қолдау Unity лаунчерін 8 пикселге...


  • 0

RAID 1 массивін баптау [бейнесабақ]

RAID (ағыл. redundant array of independent disks — тәуелсіз дисктердің артылған массиві) — жоғары жылдамдықты мәлімет алмасу арнасымен өзара байланысып, контроллермен басқарылатын бірнеше дисктен (сақтау құрылғыларынан) тұратын массив. Қолданылатын массивтің типіне байланысты мәліметпен тез жұмыс істеуді және сенімділікті әртүрліше арттырады. Мәліметтерді сақтаудың сенімділігін арттыру үшін және/немесе мәліметті оқу мен жазудың жылдамдығын...


  • +1

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 1-бөлім (1/4): BASH, навигация негіздері

Бұл мақала habrahabr.ru сайтындағы мақалалар сериясының аудармасы. Негізгі мақала ағылшын тілінен аударылған :). Сонда да, мақала linux-пен жұмыс жасап бастап жатқандарға және жұмыс жасап жүргендерге де пайдалы болады. Алғы сөз Осы нұсқаулық жайлы Төрт бөлімнен тұратын, Linux негіздерін үйретуге негізделген нұсқаулықтың бірінші бөліміне қош келіпсіз. Нұсқаулық Linux бойынша Professional Institute 101 емтиханын...


  • +1

SSH пайдаланушыларына жаднама

SSH бұл — linux жүйелеріндегі таптырмас құрал. Linux серверлерге қосылу, оларды әкімшілендіру, ssh болмағанда қандай қиын болар еді. Сондықтан, онымен жұмысты жеңілдететін және оны тағы да жақынырақ түсінуге мүмкіндік беретін осы мақаланы аудардым. Мақаланың түпнұсқасы мұнда орналасқан. Мақала өте ауқымды болғандықтан, тек өзім пайдаланатын және ең пайдалы деген бөлімдерді аудардым. Егер барлық мақаланы оқуға ерінсеңіз, мақала соңына...


  • +2

Bash-ты ойын жазу арқылы үйренеміз. 2048 ойыны

Bash скрипттары Linux жүйесінде көптеген жұмыстарды жеңілдетуі мүмкін. Бірақ bash программалық тіл болмағандықтан (жай командалық қабат) оның көптеген өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан, оны қолданудан алдын жақсылап үйренуге тура келеді. habrahabr сайтында bash-ты үйрену үшін өте көптеген ойындар жазылған ( Шахмат , Quadronix , Xonix , Теңіз соғысы , Sokoban , керек десеңіз 3D шутер ). Бірақ, менің байқағаным, ол жазылғандарды...


  • +2

Gedit және оның қосымшасы "Сыртқы құралдар"

Ақырындап басқа блокта жазылған мақалаларды осында көшіріп жатырмын. Пайдасы тиіп қалар :-). Бұл мақала vim-ге кіріп шыға алмай қалып жүрген кезде жазылған. Shell скрипттерді жазуды енді бастап жүргендерге бір пайдасы тиер деген ойдамын. Gedit мәтіндік редакторының көптеген қосымшаларының ішіндегі ерекшесі және көптеген жағдайда пайдалыларының бірі «Сыртқы құралдар» (Внешние инструменты). Оның негізгі қызметі редакторда тұрып...


  • +4

Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады. Неге редактордан шығу қиын? Негізінен себеп екеу: пайдаланушы Vim редакторына көбінесе байқаусызда кіріп кетеді (консольдан басқа бағдарлама ашуы мүмкін) немесе ол редакторды сирек қолданғаны соншалық әр жолы қалай шығуды...


  • +1

Ubuntu 16.04 Linux дистрибутиві жарық көрді

Бүгін ұзақ бойы қолдау көрсетілетін (LTS), жаңартылулар 5 бойы шығарылатын Ubuntu 16.04 «Xenial Xerus» нұсқасының релизі шықты. Арнайы жинақтар келесі нұсқалар үшін дайын: Ubuntu, Ubuntu Server , Ubuntu Core , Kubuntu , Ubuntu GNOME , Xubuntu , Ubuntu Studio , Lubuntu , Ubuntu MATE , Ubuntu Cloud , Ubuntu Studio және UbuntuKylin (Қытайға арналған нұсқа). Негізгі өзгерістер: 1. Unity панелін горизонталь орнату...


  • 0

Json форматындағы мәліметпен консольда жұмыс жасаймыз

Қандай да бір сервиспен REST API арқылы жұмыс жасағанда ары бері шаппай консольда алынған мәліметтерді өңдеу уақытты қысқартады. Әсіресе, егер сұраныстардан тым үлкен json келсе. Консольда ондай мүмкіндікті беретін jq деп аталатын кішігірім құралды пайдаланып көреміз. Оның көмегімен json форматындағы мәліметті оқуға, фильтрлеуге, өзгертуге болады. Сондықтан да bash скрипттарда пайдалану үшін де ыңғайлы. C тілінде жазылғандықтан,...


  • +3