Linux

36 оқырман, 27 жазба
+5.77

Linux туралы

Қытайлықтар Ubuntu-смартфонын таныстырды

Қытайдың Meizu компаниясы ubuntu жүйесіне негізделге смартфонын таныстырды. Оны қазіргі кездегі ең мықты Ubuntu смартфон десек жаңылыспаймыз. Canonical компаниясымен бірігіп жасалған смартфон Meizu Pro 5 Ubuntu Edition деп аталады. Бұл құрылғы Ubuntu Touch қойылған бесінші смартфон. Осы жылы Ubuntu жүйесінде көптеген телефондар мен планшеттер шығады деп күтіліп жатыр. Meizu Pro 5 Ubuntu Edition смартфоны сегізядролы Samsung...


  • +1

Cron мастер немесе қайталанатын тапсырмаларды жобалау

Cron — linux жүйесіндегі тапсырмаларды жобалау құралы. Егер сізге белгілі бір уақыт сайын (бір сағат сайын, күнара, айдың белгілі бір күнінде және т.с.с.) команда орындау қажет болса, оны cron арқылы істеуге болады. Көпшілік сайты барлар оның php үшін пайдаланылатынын жақсы біледі. Осы мақалада cron баптауларының кейбір пайдаланылу жолдарын қарап көрейік. Негізі cron бұл жобалаушы демон және оның барлық баптаулары crontab файлдарында...


  • +1

Viber бағдарламасын Ubuntu-ға орнату және баптау

Бұл мақалада мен Viber бағдарламасын орнату және оның белгішесінің Unity Ubuntu трейінде дұрыс көрсетілуі үшін баптауды көрсетемін. Viber ол желідегі кез-келген viber пайдаланушысына хаттар жазу мен видео/дыбыстық қоңырау шалуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Viber-ді Ubuntu (64 bit) жүйесіне орнату Ubuntu (64 bit) орнату үшін сайттан deb пакетті мына сілтеме бойынша жүктеп ала аласыз. Deb пакетті өзіңізз қалаған әдіспен орната...


  • +2

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 1-бөлім (4/4): Glob-қойылымдар

Бұл бөлімшеде жолдарды үлгі бойынша қоюға мүмкіндік беретін *, [] және? джокерлері (wild cards) қарастырылады. Сонымен бірге, бірінші бөлім қорытындылады. Бұл мақала аударма, түпнұсқасы мына жерде орналасқан. Джокерлерді қолдану Джокерлермен танысу Linux-ты күнделікті пайдалану кезінде rm командасын файлдық жүйедегі көптеген объектілерге бірден қолдану қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайларда бүкіл...


  • +1

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 1-бөлім (3/4): Сілтемелер, файлдар және папкаларды өшіру

Бұл бөлімшеде қатаң және символдық сілтемелер қарастырылған, сонымен бірге rm және rmdir командалары арқылы файлдарды және папкаларды жою талданған. Бұл мақала аударма, түпнұсқасы мына жерде орналасқан. Сілтемелерді құру және файлдарды жою Қатаң сілтемелер Біз «сілтеме» түсінігімен, папкалар мен инодтар арасындағы қатынасты айтқан кезде кездескен едік. Негізі, Linux-та сілтеменің екі түрі бар. Біз осыған...


  • +1

iSCSI target және iSCSI initiator (client) баптау

Дереккөз: dreamcatcher.ru/linux/010_iscsi.html Аты: Using iSCSI On Debian Lenny (Initiator And Target) Аударма жасаған және эксперимент жүргізген: мен Бұл анықтамалықта Debian Lenny операциялық жүйесіндегі басқарылатын iSCSI target және iSCSI initiator (client) жұмыстарын баптауларын қарастырамыз. iSCSI хаттамасы storage area network (SAN) хаттамалар жүйесіне кіреді. Ол iSCSI target-те орналасқан қойманы ethernet арқылы...


  • +2