Қазақ тіліндегі онлайн qr-код жасау жүйесі

Қазақ тіліндегі онлайн qr-код жасау жүйесі ашылғанына бір-ақ ай толды, тек қана қазақ тілінде жасалған жүйе бүгін Қазақ, Орыс, Ағылшын және Қытай тілінде қызмет көрсетеді, бұл сайтта қалауыңыз бойынша qr-код жасай аласыз, және оны 300-2000px көлемінде сақтап алуыңызға болады.

QR-код деген не?

QR-код (ағылш. quick response – шұғыл жауап): Denso-Wave жапон фирмасы ойлап тапқан мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез-келген ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, сайт мекен жайы, телефон, электрондық визитка, wifi нүктесінің параметрі және тағы басқалары.

Қалай қолданам?

Камерасы бар ұялы құрылғыны аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз!

Бағдарламасын қалай орнатам?

Егер сіздің ұялы құрылғыңызда қатысты бағдарламалар орнатылмаған болса, оларды «Play market». «App Store». Магазин Windows қосымшалар магазині арқылы тегін жүктеп алуға болады. Ұялы құрылғыңыздың қосымшалар магазиніне кіріп «QR-code»-деп іздеу арқылы сканиерлеу бағдарламасын орнатып аласыз.
Толығырақ qrcoder.kz/ сайтынан біліңіздер.

  • +2
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.