avatar
Комментіңізге рахмет! Бұл жоба сол кездегі proof of concept түрінде қалды. Толықтай жетілген криптоактив болу үшін әлі біраз нәрсе жетіспеді. Бастыларын атап өткенде қаржы, монетизация жағын дұрыс құра алатын мамандар (USDT, MakerDAO сияқты деңгейдегі жобаға жеткізу үшін) және біздің еліміздің сол кездегі (қазір де сол қалпы шығар) криптоның заңдастырылмауы.

avatar
Жазбаңыз ұнады! Әрі қайғылы, әрі күлкілі. Тор Шебері жолын кешкеніңізді жақсы сипаттапсыз. Келесі постыңызды күтем. Мүмкін жазушы, блоггер ретінде өзіңізді қарастырарсыз.

avatar
Жаваскрипт туралы мақалалар — ауызға май!

avatar
Анимацияларыңа жабысып қалдым. Керемет!

avatar
Келесі рет басқа криптовалюталар және блокчейн-сервистер туралы жазуды ойлап отырмын.

avatar
Рахмет kamyrov ! Мен анда-санда өзім қызыққан нәрселер туралы қазақша жазғым келіп отырады. Кітаппен әуре болмай-ақ қой, интернеттен керекті мағлұматтарды тауып оқып алармын, рахмет

avatar
Иә, дұрыс айтасың. Биржалардан біраз криптоқаражат бірнеше рет ұрланып үлгерді.

avatar
Мақалаға рахмет! Айтқаныңызға қоса, VS Code-тың Typescript тілін қолдауы өте жоғары. Бұған таңғалмай-ақ қойса болады, себебі Typescript те, Code сияқты, Microsoft өнімі. Мен қазір Angular 2-ні үйрену мақсатында typescript-пен Code-та кодтап жатырмын.

avatar
Өкінішті! Мен бұл жоба туралы бірінші рет естігенде өте қатты қызықтым. Теріні тітіркендірмейтін болса қандай рахат, қайтадан сақалымды қыра бастаймын деп ойлағам.
Нақты айтқанда, Кикстартер жобаны қолдаушылардан ақшаны бірден алмайды, тек қаржы жинау науқаны сәтті біткен кезде ғана. Мақаладағы хатта "қолдаушылардан жобаға берген кепілдері үшін ақша алынбайды" деп жазылған. Яғни ақша қайтару жоқ, тек жоба тоқтатылды.

avatar
Көтеруге болады, бірақ ол үшін VPS-сервер керек. Ал онда өзіңіз білесіз, NodeJS қоясыз ба, Ruby on Rails қоясыз ба, тіпті Go тілінде істейтін сайт жасасаңыз болады.
Мен Javascript-ке басыммен кіріп кеткен адаммын. Сондықтан клиент жақта да, сервер жақта да сол тілді қалай қолдануға болатынын көрсеткім келеді.

avatar
Сервер жақты қамту ойым бар, бірақ php емес nodejs-ті қолдану арқылы.

avatar
Осы жаттығулардың мақсаты сол — AngularJS-ті білетін қазақ мамандарын көбейту )).
Ал маған ұсынысыңыз болса жеке хат жазып жіберіңіз.

avatar
Керемет! raimbek сізге респект пен құрмет! BackboneJS фреймворгі Javascript фреймворктарының арасындағы ақсақал ғой. Онымен көптеген сәтті проектер жасалды, мен білетіндер Airbnb, Basecamp, Groupon, Bitbucket, Wordpress, Hulu… Тізімді мына жерден көрсе болады.
Енді бір бағдарлама екі әр түрлі құралмен жасалды. Жаңа проект бастайтын адамға оларды салыстырып, өзіне тиімдісін таңдауға болады.

avatar
Бұл жаттығу ретінде жасалған бағдарлама ғой. Шын өмірлік шешім qwerty айтқандай, әр жүргізушіде болатын мобильді бағдарлама шығар. Олар GPS-пен бір-бірінің қайда тұрғанын біліп тұрады. Сонда аялдамадағы бақылаушылардың керегі де жоқ болады.

avatar
Стандартты директивалар жетпесе, өзіңе жаңа директиваны жасауға болады.
Көп аттрибуттар болатыны рас. Бірақ ол сондай модель мен көріністі араластырмай бөлек ұстау тәсілі ғой. Яғни js файлдарының ішінде html, DOM элементтерімен әрекеттер жасалмайды, тек логикамен жұмыс істелінеді.

avatar
Оны маған алдын-ала ойластыру керек еді. Қазір бөлсем, үзік-үзік клиптер болып қалады.

avatar
Бір сұрақ — минус неге керек деп ойлайсың? Ұнаса көтереді, ұнамаса ештеңе істемейді деп ойлаймын мен.

avatar
Рахмет!

avatar
Жас болғанда әрқайсысына кем дегенде 5 жыл болды ғой. Енді PHP, Java-ға қарағанда жас шығар, бірақ компьютер әлемінде бәрі қазір тез өзгереді ғой. Продакшндағы шешімдер салыстырмалы түрде көп емес, бірақ сәнді дегенім сол ғой, ең танымал деген мағынада емес, көпшілік оларды тани бастады, трендтері көтеріліп келе жатыр деген мағынада қолдандым.
MongoDB-мен көп тәжірибем жоқ, білгенім мынау. Реляциялық дерекқордан басты айырмашылығы — алдын-ала құрылған кестелердің орнына құжат ұғымы қолданылады. Әр құжат бір жинаққа жатады. Мысалы, қолданушылар туралы деректер Users жинағында сақталу керек, әр қолданушы туралы ақпарат ол бір құжат. Алдын-ала жасалып қойылған деректер схемасы болмаған соң, құжаттың құрамы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, басында қолданушының атын ғана сақтап жүріп, кейін енді туған күнін сақтайық деп шешкен кезде, жаңа құжаттарда туған күн пайда болады, бірақ ескі құжаттар туған күнсіз түк болмағандай жата береді. Керісінше, бір мағлұматты алып тастаған кезде де солай болады.

avatar
Angular туралы не десе болады. Жоғарғы MeanJS ұсынған файлдар құрылымын қолдандым. Яғни, түбірінде application.js пен config.js жатыр. Сосын модульдер папкасы. Әр модульдің ішінде, мысалы, users модулінің ішінде сонымен байланысты controllers, views, services, directives, filters папкалары бар, керек файлыңды солардың біреусіне сақтайсың.
Және де AngularJS модулінен басқа мына қосымша шешімдер қолданылады:
angular-bootstrap
angular-ui-router
angular-ui-utils
danialfarid-angular-file-upload