AngularJS-пен бейнежаттығу - Автобустар уақытын бақылау


Сәлем, оқырмандар!

Мен сіздерге AngularJS және Bootstrap-ты қолданып, шағын веб бағдарлама жасау туралы бейнематериал ұсынғым келіп отыр.



Бейнеклиптің ұзындығы ойлаған уақыттан көбірек болып шықты, бірақ ішінде артық ештеңе жоқ сияқты.

Бұл жаттығумен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуді тілеймін! Және де пікірлеріңізді күтемін.

  • +4
16 пікір
raimbek
сапалы жазба шығыпты. Бір ұсыныс бар, видеоны бірнеше майда бөліктерге бөліп жасағанда қалай болар еді? Қадам қадам бойынша?
domalak
Оны маған алдын-ала ойластыру керек еді. Қазір бөлсем, үзік-үзік клиптер болып қалады.
amantai
«тақырбас Серік» )))
qwerty
Маған ангулардағы директивалар ұнамайды, өйткені html-ге жаңа атрибуттар қосылып быт шыты шығарылады. Ал маған стандартты директивалар жетпей қалса не істеймін?
domalak
Стандартты директивалар жетпесе, өзіңе жаңа директиваны жасауға болады.
Көп аттрибуттар болатыны рас. Бірақ ол сондай модель мен көріністі араластырмай бөлек ұстау тәсілі ғой. Яғни js файлдарының ішінде html, DOM элементтерімен әрекеттер жасалмайды, тек логикамен жұмыс істелінеді.
medohin
Біздің компания бағдарлама құрастырушыл керек, сіз сияқты AngularJS білетін.
shainek
Іскерлік ұсыныс жасап, бірден айлығын айтыңыз, сонда жауап аласыз ;)
domalak
Осы жаттығулардың мақсаты сол — AngularJS-ті білетін қазақ мамандарын көбейту )).
Ал маған ұсынысыңыз болса жеке хат жазып жіберіңіз.
kilyzaman
Қойылған мәселе өзекті. Шешімін іздеуің қуантарлық. Шешімін тапқаның тіпті тамаша! Түсінбей қалғаным: бұл сервистің басқарылуы мен қолдану амалдары( құрылғылары мен қағидаттары)
qwerty
Автордың орнына сөз сөйлеп көрейін, түсінгенім мұны автор мысал ретінде жасады, ал шынайы өмірде қолдану үшін бұл бағдарламаға көп қосымша нәрсе жасау керек (сервер, мобильдіде дұрыс көрсетілуі, тағы да басқа жағдайлар). Кейін, шын өмірде GPS арқылы шешім ең дұрысы болады.
domalak
Бұл жаттығу ретінде жасалған бағдарлама ғой. Шын өмірлік шешім qwerty айтқандай, әр жүргізушіде болатын мобильді бағдарлама шығар. Олар GPS-пен бір-бірінің қайда тұрғанын біліп тұрады. Сонда аялдамадағы бақылаушылардың керегі де жоқ болады.
raimbek
Мысалы Астанада автобустарды GPS арқылы бақылауға болады (барлығын емес енді) ал Алматыда ондай жоқ екен (бағдарламада Алматы жоқ), соны қолға алса, ана бүкіл тұрған адамдардан бірнеше есе тиімді сервис жасап қоюға болар еді. Кішігірім сервер болса жетіп жатыр.
kilyzaman
Қалай болғанда да, мәселенің қойылуы мен оның шешімін іздеудегі талпнысың қуанарлық нәрсе ғой.
Қоғамымыздағы қотырларды өзіміз қасымасақ, басқаның балтыры сыздаушы ма еді ;-)
raimbek
Біреу-міреуге қызық болса, міне дәл осы бағдарламаның Backbone фреймворкын пайдалану арқылы жазылған нұсқасы. Жай эксперимент үшін жаздым: https://github.com/sythet/amub
itblogkz
Программаны не істейтінін түсінбедім. Тізімге бір кісіні қостым. Одан кейін?
raimbek
play батырмасын басу керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.