Лазерлі ұстара Skarp өтірік болып шықты



Жақында ғана Kickstarter сайтында пайда болған аты шулы Skarp лазерлі ұстаралар өтірік болып шықты. Бүгін Kickstarter бұл жобаны тоқтатып, төленген ақшаларды қайтарып жатқаны белгілі болды. Ал жиналған ақша аз емес $4 млн.

Kickstarter-ден келген хат:


Толық мәтіні:

Kickstarter
Hello,

This is a message from Kickstarter’s Integrity team. We’re writing to notify you that the Skarp Laser Razor project has been suspended, and your pledge has been canceled.

After requesting and reviewing additional material from the creator of the project, we’ve concluded that it is in violation of our rule requiring working prototypes of physical products that are offered as rewards. Accordingly, all funding has been stopped and backers will not be charged for their pledges. No further action is required on your part. Suspensions cannot be undone.

We take the integrity of the Kickstarter system very seriously. We only suspend projects when we find evidence that our rules are being violated.

Regards,
Kickstarter Integrity Team

Хатта «Skarp жобасы тоқтатылды және сіздің ақшаңыз қайтарылды» деп жазылған. Оның басты себебі Kickstarter авторлардан жоба туралы қосымша материалдар мен прототиптерді сұрағанда, жоба иелері ештеңе көрсете алмаған. Яғни, бұл Kickstarter-дің ережелеріне қайшы. Осыған байланысты жобаға қаржы жинау толығымен тоқтатылды.

Сонымен бірге, жобаның тек Kickstarter емес Indiegogo сайтына да тіркеліп қаржы жинап жатқандары белгілі болды. Олардың бұл қулықтары енді іске аспайды деген үміттеміз.

  • +1
1 пікір
domalak
Өкінішті! Мен бұл жоба туралы бірінші рет естігенде өте қатты қызықтым. Теріні тітіркендірмейтін болса қандай рахат, қайтадан сақалымды қыра бастаймын деп ойлағам.
Нақты айтқанда, Кикстартер жобаны қолдаушылардан ақшаны бірден алмайды, тек қаржы жинау науқаны сәтті біткен кезде ғана. Мақаладағы хатта "қолдаушылардан жобаға берген кепілдері үшін ақша алынбайды" деп жазылған. Яғни ақша қайтару жоқ, тек жоба тоқтатылды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.