Адасқан самурай! Бірінші Катана

Кішігірім драматургия

Салам жігіттер! Бүгін мен Димаштың қытайлық шоу-бизнесті бағындырған видеосын көрдім, бір жағынан оған рзамын. Екінші жағынан оның жетістігін көре алмай отырмын. Неге? Себебі менің көзімді шындық шақты. Жас кезімде бірталай арманым, мақсаттарым болған. Тау қопарлықтай жоспарлар, ұлы идеялар бар болатын. Қазір сол армандар, пландар қайда қалды, — деп өзімнен отчет сұраймын. Орындалды ма олар? Өкінішке орай — ЖОҚ. Мен тіпті армандаған жоспарларының 10% да жүзеге асырмаппын. Неге солай болды? Неге мен сондаймын? — деп бір түйін іздеймін. Дәл мен сияқты жарты жолда істеген жұмысын тастап кететін азаматтарға айтарым, ойланай-ық!

Өмірлік сабақ беріп, жатырмын сендерге

Мен осы frontend бағдарламашы жолына түскенен бері бірнеше жаздың жүзі өтті. Басында жай версткадан бастадым. Колледжде оқып жүргенде, дипломдық жұмысқа сайт алып, оны жай 2-3 беттік статикалық html-мен жасап, әрең дегенде 4-ке қорғап шыққаным бар.Онда да куратордың араға түсіп, қолдауының арқасында. Ол сайттың скриншоты қарасам вконтактіде әлі тұр екен.

Менің дипломдық жұмысым.
Басты бетінде әдемі дәу плейер тұратын плейлистпен. Екінші бетінде категорияларға бөлінген 15 шақты өлеңдер жеке-жеке плейлерімен тұрушы еді. Өзіме сол сайтты болашақта жасаймын деген жоспар қойғанмын, қазір ол жай сөз жүзінде қалды.

Алғашқы жұмыс, алғашқы темекімен тең.

Міне солай колледжді әупірімдеп бітірдім, тіпті выпускнойға да бармадым. Ия! ия! мен сондай адамдардың қатарынанмын — белая ворона, волк одиночка, singleton.Қалай атасаң да мейлі. Басымда тек бір ой ғана болды, ақша басып шығаратын принтер болсам ғой шіркін деген.Оған қоса кта- тесті мені күте, күте қашан ауылдан келеді деп жалықты. Жаз бітті, күз сары-жапырақтарымен жерді css сияқты әсемдей бастады. Ал мен ақымақ дипломымды әлі алмаған екенмін колледждан.Мәселе военкомат және менің одан қашуымда болатын, осыны шешумен қаладан ауылға бірнеше рет жүгірдім. Сосын жұмыс іздей бастадым. Анда іздеймін, мұндай іздеймін, жоқтан басқа ештеңе жоқ. Ешкім мені алғысы келмеді. Тәжербиесі жоқтарға жұмысқа тұру қиынның қиыны екен. Ал ол тәжербиені қайдан табасың? Дұрыс жұмыста табасың. Енді тек бір ғана амал қалды деймін өзіме кинодағы кейіпкерлер сияқты. Ол енді 100% істейді деп айта алмаймын. Не дегенмен мені ол еңбек кітапшасымен табыстырды ғой. Тыңдаңдар! Алдымен 2gis-ті ашамыз(Ол кезде ол енді танымал бола бастаған кезі). Веб-студиялар деп іздеу саламыз, Әр компанияның қосымша ақпараттарында электронды мекенжайын көшіріп, база жасаймыз, сосын спам жібереміз))). Міне енді тек күту ғана қалды. Орташа есеппен 60 адамға хат жаздым ғой деймін. Содан тек 3 адамнан жауап келді. Солардың арасында бір орыс-татар тектес кісі маған тестовый задание берді. Ал енді түні-бойы ұйықтамай, жатпай сол сайттың версткасын жаса-алмай жынданымын. Мойнымда бір диплом болғанымен, басымда 15 шақты тэг пен 30 шақты css свойстводан басқа ештеңе жоқ.Колледждан не алып шыққанымды өзім түсінбеймін. Оған қарағанда Sorax-ға рахмет, ол болмаса css жайлы түк білмес едім. Қазір енді ол қателіктерімнің қарапайымдылығана тек күле қараймын. Float-тан кейінгі parent element-тің height-ін жоғалтуы, box-sizing, inline мен блочный элементтің айырмашылығын, қарап тұрсам түкте білмейді екем сол кезде. Сонда да, қанша рет қателіктерді қайта-қайта бассам да, берілмедім. Келесі күні, жұмыс уақыты бітер кезде, верстканы жасап, ол кісіге жібердім де, ұйқыны пердім. Көп ұзамай собеседованияға шақыру келді. Әлі есімде Толе би көшесі мен Ерменсай өзенінен кейінгі көшені таба алмай, үйге қайтқым келгені. Себебі мен ақымақ үйдің номерін ұмытып қалыппын. Қолымда телефон бар, бірақ олардың телефон нөмірі қолымда жоқ.Интернет бар ол кезде жоқ емес. Тек қазіргідей 4g емес.Бар ынтамен 3g-ға жалбарынып, әрең дегенде телефон номерін сақтап алам. Сосын қолым дірілдеп, сол нөмерді теремін. Ар жағында бір қыз алады. Мен ақымақ кекеш сияқты оған, адресін таба алмай жатқанымды, зорға жеткіземін. Болды адресі анықталды, ғимарратта алыс емес, ғимараттың түріне қарасаң бай фирмалардың офистары сияқты. Ішіне кіріп 3 этаждан, керек кабинетті табамын да,
-Здасвуйте я по поводу собеседования деймін(Қазақша акцентпен).
Маған қысқа белдемше киген сексуалды қыз жауап береді.
-Мы вас ждали, проходите…
Солай болып қалды. Мені бұл жолы алмады. Тек бір айдан кейін ғана бастығы өзі шақырды. Алдында келгенімде ол жоқ болатын. Маған жаңа жылдан кейін бастай берсең болады, жалақың 60000 теңге. Ал оған дейін Javascriptті үйреніп кел деп бұйырды. Сонымен жұмысқа тұрдым ғой әйтеуір. Соның өзінде жұмысқа кірген кезде бір ай бойы депрессияға ұшырап, жұмыстан қуылып кетем ба деп қатты қиналдым. Темекі шегіп кететін дейгеңге түстім.Шекпеймін.

Алғашқы қарсылас

Басында мен нағыз косячниктің өзі болдым. Сайттарды верстка жасағанда, әрбір бетке бір-бірден css жазатынмын, кросбраузерность 0 пайыз болатын, адаптивность ол кезде әлі шықпаған және ең нашар браузер IE-6(барлығы оны Ешка дейтін, тұра есек сияқты) тірі болатын. Кешіріңдер әріптестер ол күнәләрімді ешқашан жуып шая алмаспын. Сол қиын кездерде командада мен сияқты, менімен бір күнде жұмысқа тұрған бір орыс қыз болатын. Аты Маргарита ғой деймін. Міне сол қыз менің — алғашқы қарсыласым болды. Басында қыздар тек мода, жігіттер, секс жайлы ойлайды. Мен сияқты кодер болу қайда деп ойлайтынмын. Тек аяғында ғана ұқтым қатты қателескенімді.Естіріңде болсын қыз программист — ол саған блондинка емес.2 айдан кейін бізге 1С Битриксті үйреніңдер деген, тапсырма берілді. Мен ашып документациясын оқып көріп едім, құсқым келіп кетті де, логикам терезены сындырып қашып кетті. Анау документацияны оқыған темный Гегельдің өзі ақ періштедей пәк болатын еді. Бірақ Маргаританы бұл тоқтатқан жоқ. Ол Bitrix-ді бір аптада меңгеріп алып, жұмыстан өз еркімен кетіп қалды. Міне қыздарға қатты сенбеңдер. Олар жүректеріңді жаруға шебер.
Қайран сол жастық. Сол кезде табличный верстканы көрген өзімді диназавр сияқты сезінемін. Дәл осы сөзді сендер де, інілеріңе — менің кезімде flexbox, css-grid версткаларын кездестіруге болатын деп айтатын шығарсыңдар.

Спойлер

Келесе бөлімде сендерді күтеді — Алғашқы кидалова.

  • +3
2 пікір
zhurttyn_balasy
Табличная верска, бордер радиус төрт картинка арқылы, ИЕ6-ға түсіндіру үшін behavior арқылы PIE
domalak
Жазбаңыз ұнады! Әрі қайғылы, әрі күлкілі. Тор Шебері жолын кешкеніңізді жақсы сипаттапсыз. Келесі постыңызды күтем. Мүмкін жазушы, блоггер ретінде өзіңізді қарастырарсыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.