Tiyn - Блокчейндегі қазақ ақшасы

Мен былтыр биткоин туралы мақаланы жазғаннан кейін блокчейн және криптовалюта саласына тереңірек үңілдім. Неше түрлі қызық жобалар бар екен. Мысалыға: Sia — бұл платформада әр адам өзінің компьютеріндегі бос жатқан диск бөлімін басқаларға жалға бере алады. Жалға алушы файлдарын бұлтқа салғандай болады және осы қызмет үшін Siacoin токендерімен төлейді. Жалға берушілерге дискілерінің қолданылуына қарай осы Siacoin-дар төленеді....


  • 0

Биткоин - алтын 2.0 ма?

Осы жылдың басынан бері 400 USD шамасында саудаластырылған биткоинның бағасы мамырдың аяғынан бастап күрт қазіргі 700 долларға дейін көтеріліп кетті. Бұл әлі соңы емес, жылдың аяғына дейін ол 2013 жылғы 1200 долларлық максимумға жетіп, одан бірнеше есе асып кетеді деп болжайтындар аз емес. Бұл криптовалютаға осыншама сұраныс кенет қайдан пайда болды? Сарапшылар бұған бірнеше себеп келтіруде. Не көрінді соншама? Біріншіден, Қытайдың...


  • +1

AngularJS-пен бейнежаттығу 2 - сервис, директива және фильтр жасау

Сәлем, Кодеолықтар! Мен сіздерге AngularJS-пен жаттығудың екінші бейнеклипін ұсынғым келіп отыр. Бұл жолы мен блог-платформаны мысалға ала отырып, қалай өзіме керекті жаңа сервис, директива және фильтрді жасауға болатынын көрсетемін. Видеоның ұзындығы бірінші видеоға қарағанда екі есе қысқа, бірақ пайдасы кем емес деп ойлаймын. Әдеттегідей сіздерге бұл жаттығумен қызықты уақыт өткізуді тілеймін және пікірлеріңізді күтемін!


  • +5

AngularJS-пен бейнежаттығу - Автобустар уақытын бақылау

Сәлем, оқырмандар! Мен сіздерге AngularJS және Bootstrap-ты қолданып, шағын веб бағдарлама жасау туралы бейнематериал ұсынғым келіп отыр. Бейнеклиптің ұзындығы ойлаған уақыттан көбірек болып шықты, бірақ ішінде артық ештеңе жоқ сияқты. Бұл жаттығумен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуді тілеймін! Және де пікірлеріңізді күтемін.


  • +4

Муәлік - біраз қуайық (ұран)

Осы жерде PR тақырыптар жариялауға бола ма білмедім, қайтсе де, айып етпеңіздер, көрейін. Мен Javascript-пен сайт жасауды үйрену барысында бір нағыз қазақша бірдеңе жасайыншы деп ойладым. Яғни сайт таза қазақ тілінде болу керегі шарт. Ары ойлап, бері ойлап, әзілге арналған сайт жасауды ұйғардым. "Әзіл", "қазақша мемдер" деген сияқты сөздермен гуглдетіп көрдім, аса ештеңе табылмады. Мүмкін оқырмандар білсе,...


  • +2

Javascript үстемдігі

Javascript тілінің қазіргі мүмкіншіліктері көп. Вебсайт жасау, смартфонға арналған бағдарламалар шығару, 3D ойындар жазу, тіпті микроконтроллерді басқару оның қолынан келеді. Компьютерлік ғылым жағынан қарағанда қарапайым және кемшіліктері көп JS қалайша Қайрат Нұртас сияқты танымал болып кетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін тарихқа жүгінейік. Javascript-ті 1995 жылы Netscape компаниясының қызметкері Брендан Айк жасап шығарды....


  • +7