Json форматындағы мәліметпен консольда жұмыс жасаймыз

Қандай да бір сервиспен REST API арқылы жұмыс жасағанда ары бері шаппай консольда алынған мәліметтерді өңдеу уақытты қысқартады. Әсіресе, егер сұраныстардан тым үлкен json келсе. Консольда ондай мүмкіндікті беретін jq деп аталатын кішігірім құралды пайдаланып көреміз. Оның көмегімен json форматындағы мәліметті оқуға, фильтрлеуге, өзгертуге болады. Сондықтан да bash скрипттарда пайдалану үшін де ыңғайлы. C тілінде жазылғандықтан,...


  • +3

Хакерлер Wordpress және Joomla-жасалған сайттарды шабуылдап жатыр

Киберзаңбұзушылар Wordpress және Joomla негізінде жұмыс жасайтын сайттарға жасанды скрипттарды енгізу мақсатында шабуылдар жасап жатыр. Хакерлер негізінен ең кең таралған Jquery кітапханасын өздерінің кодтарын сайтқа ендіру үшін кеңінен пайдалануда. Avast антивирусы мамандарының айтуы бойынша соңғы кездегі ең көп таралған жасанды скрипт ол jquery негізінде. Хакерлер жасанды кітапхананы енгізу арқылы сайттарды өз мақсаттарында...


  • +3

Программалық жүйені жасаудағы Agile басқару әдіснамасы

Бүгінгі таңда елімізде IT- саласы қарқынды дамуда және соның нәтижесінде ауқымды жобалар дүниеге келуде. Жоба жасаудағы өзекті мәселердің бірі жоба процесін басқару. Жоба басталғаннан бастап керекті өнім шыққанға дейінгі әр кезеңнін өз қиындықтары бар. Жобаны жасайтын топты жасақтаудан бастап, олардың қандай құралдармен жұмыс жасайтыны, жоба мақсатын анықтау, негізгі талаптарды шешу және т.б мәселелерді жобалау керек. Бірақ сол үлкен жобаларды...


  • +3

Wordpress: үлкен өзгерістер уақыты, басқару панелі толығымен Javascript тіліне ауыстырылды (Node.js+React)

Automattic компаниясының CEO-сы және негізін салушы Мэтт Малленвег WordPress блог-платформасында жасалып жатқан үлкен өзгерістер туралы өз блогында жариялады . Бағдарламалаушылар Wordpress админ парағына арналған арнайы жаңа Calypso құралын жазып шыққан. Сарапшылардың айтуы бойынша мұндай әрекетті, Wordpress бәсекелестерінің көбеюімен байланыстырады. Пайда болғанына 13 жыл болған Wordpress ең көп пайдаланылатын платформа. Оның...


  • +5

Drupal 8.0.0 - PHP әлеміндегі танымал құралдың жаңа нұсқасы

Өткен аптада CMS/CMF-жүйелерінің ішіндегі танымал Drupal-дың жаңа 8.0.0 нұсқасы таныстырылды. Бағдарламалаушылардың айтуы бойынша бұл Drupal тарихындағы ең ірі жаңартылу екен. Жүйе PHP 7 нұсқасымен, PostgreSQL және SQLite деректер қорымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін алды. Оған қоса жүздеген басқа да жаңартылулар бар. Солардың ішіндегі ең маңызды деген жаңартылулар: контекстішілік өңдеу және алдын ала қарау мүмкіндігі (WYSIWYG...


  • +3

Microsoft Internet Explorer браузерінің IE11-ден басқа барлық нұсқаларын қолдауды тоқтатады

Microsoft компаниясы 2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап Internet Explorer браузерінің барлық нұсқаларын қолдау ресми түрде тоқтатылатынын жариялады (IE11 жаңа браузерінен басқаларын). Бұл ұзақ жылдар бойы жалғасқан Internet Explorer кезеңінің соңы болса керек. Қазіргі кезде Microsoft-та жаңа Edge браузері бар. Сондықтан да олар Internet Explorer-дан құтылуды жөн көрсе керек. Бұл браузердің авторитеті де онша емес екендігін көпшілік...


  • +3

Google әр минутта заңсыз болуы мүмкін контенттерге 1500 сілтемелерді қарастырады

Google сайтына заңсыз сілтемелерді жою туралы келетін сұраныстар саны қарқынды өсіп келеді. Қазіргі кезде компания әр минут сайын 1500 заңсыз болуы мүмкін болған контенттерге сілтемелерді қарастырады. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда екі есе көп. Мұндай сұраныстардың саны тек соңғы жылдарда күрт өскенін айта кету керек. Мысалы, 2011 жылы гугл күніне жүздеген ғана осындай сұраныстар қабылдайтын. Ал қазір гугл күніне 2 млн-дай...


  • +3

Anonymous ИГИЛ-дің 5500 twitter-аккаунттарына шабуыл жасады

Бір күн алдын ИГИЛ-ге қарсы соғыс жариялағанын айтқан Anonymous сөздерін іспен дәлелдеді. Кеше олар барлығы ИГИЛ-ге қатысы бар деген 5500 аккаунттың offline етілгенін жариялады. Мұндай әрекеттердің негізгі себепшісі Парижде болған террактілер болды. Осы террактілерден соң Anonymous Operation Paris арнайы сайтын ашты және твиттерде #OpParis деген аккаунтты іске қосты. Кез-келген азамат осы аккаунтқа террористтердің аккаунттары...


  • +4

Selenium WebDriver: сайтты тестілеуді роботқа тапсырыңыз

Автоматтандыру, автотесттер қазнетке аздап жат терминдер. Автотесттерден бұрын көптеген мекемелерде бағдарламаларды тексерумен айналысатын бөлімдер де жоқ. Бірақ бүгінгі біздің айтатынымыз ол туралы емес. Бүгінгі айтатынымыз веб беттердегі жасалатын іс әрекеттерді автоматтандыру. Ондай мүмкіндік беретін құралдардың ішіндегі ең кең таралғаны Selenium WebDriver . Оның басты себептері: үйрену оңай; көптеген бағдарламалау тілдері үшін...


  • +3

"Plus" логикалық ойыны

Codeo.kz сайтының оқырмандарына сәлем! Бұл мақалада колледж студенттерінің Android телефондарына арналған, аса табысқа ие бола алмаған алғаш ойыны қалай құрылғаны, қандай қиыншылықтар кездескені туралы айтылады. Кіріспе Біз Политехникалық колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» бөлімінің 3 курс оқушыларымыз. Басымызға үш адамнан тұратын кішігірім топ құрып, android-қа арналған қосымшалар жасауға ой келді....


  • +5