Microsoft Internet Explorer браузерінің IE11-ден басқа барлық нұсқаларын қолдауды тоқтатады
Microsoft компаниясы 2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап Internet Explorer браузерінің барлық нұсқаларын қолдау ресми түрде тоқтатылатынын жариялады (IE11 жаңа браузерінен басқаларын). Бұл ұзақ жылдар бойы жалғасқан Internet Explorer кезеңінің соңы болса керек.
Қазіргі кезде Microsoft-та жаңа Edge браузері бар. Сондықтан да олар Internet Explorer-дан құтылуды жөн көрсе керек. Бұл браузердің авторитеті де онша емес екендігін көпшілік біледі. Барлық IE пайдаланатын пайдаланушыларға Microsoft жаңа IE 11 нұсқасына өтуді ұсынып отыр. Ал 2016 жылдың қаңтарынан бастап барлық дерлік қауіпсіздік жаңартулары мен түзетулері толығымен тоқтатылатын болады.
Сонымен қатар, компания IE 11 браузерін барлық жүйе үшін емес тек Windows 7, 8, 8.1 және 10 үшін ғана қолдауды жалғастырмақ.
Жаңа браузерлерге өтуді жылдамдату үшін Microsoft бағдарламалардың ескі нұсқаларын пайдалануда қауіпсіздік жағынан үлкен ақаулар бар екенін атап өтіп жатыр. Яғни, ескі нұсқалар вирустар мен түрлі троян бағдарламалар алдында осал.
Бизнес-сегмент және мемлекеттік ұйымдар енді IE11 немесе Edge браузерлеріне өтуге міндетті. Өйткені заң бойынша олар тек бағдарламалардың өндіруші қолдайтын нұсқаларын ғана пайдаланулары тиіс.

-
+3