Wordpress: үлкен өзгерістер уақыты, басқару панелі толығымен Javascript тіліне ауыстырылды (Node.js+React)



Automattic компаниясының CEO-сы және негізін салушы Мэтт Малленвег WordPress блог-платформасында жасалып жатқан үлкен өзгерістер туралы өз блогында жариялады. Бағдарламалаушылар Wordpress админ парағына арналған арнайы жаңа Calypso құралын жазып шыққан. Сарапшылардың айтуы бойынша мұндай әрекетті, Wordpress бәсекелестерінің көбеюімен байланыстырады.

Пайда болғанына 13 жыл болған Wordpress ең көп пайдаланылатын платформа. Оның негізінде дүние жүзіндегі сайттардың 25% жұмыс істейді. Wordpress.com хостингі де танымал ресурс. Бірақ сонда да Мэтт ақырғы кезде платформаның дамуы ақырындағанын және оның негізгі себебі ескі нұсқаларды қолдау болатынын атап өтті.

«wp-admin негізгі парадигмалары 5 жыл алдын қандай болса, қазір де солай болып қалды. Жаңа бір үлкен өзгеріс жасау уақыты келді. (...) Біз өзімізге сұрақ қойдық — егер біз жаңадан жоба бастасақ 13 жылдық тәжірибемізбен не жасап шығарар едік?» — деп Малленвег жобаның қалай басталғанын айтып беріп жатыр.

Жаңа Calypso-ны 127 адам 20 ай ішінде жазып шықты. Оның негізгі артықшылықтары ретінде Малленвег келесі тізіді көрсетті:
  • жылдамдық;
  • толығымен Javascript тілінде жазылған, Node.js және React пайдаланылған (PHP + Mysql орнына);
  • барлық құрылғыларға арналған адаптивті дизайн;
  • авторлар үшін ыңғайлы интерфейс;
  • басқару панелі, бірнеше сайттарды бір панельде басқаруға мүмкіндік береді;
  • платформаны ыңғайлы баптау мүмкіндіктері.



Бұл өзгерістер бірінші кезекте Wordpress.com хостингінде жасалады, бірақ платформаның өзі (коды) өзгеріссіз қалады. Яғни, негізгі өзгеріс админ басқару панелінде және қазіргі кезде wordpress-пен жасалған сайттар үшін айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды.

The Next Web айтуы бойынша мұндай әрекеттер, Wordpress бәсекелестерінің көбеюімен байланысты. Малленвген көрсеткен көптеген өзгерістер Medium сайтында әлдеқашан бар. Сонымен бірге, 2013 жылы пайда болған Ghost платформасы да дамып келеді, ол да Node.js арқылы жазылған.

Wordpress.com сайты қазірде Calypso арқылы жұмыс жасайды. Wordpress-ті жеке хостингтарында пайдаланатын пайдаланушылар да Calypso-ға өте алады. Бірақ ол үшін алдымен арнайы Jetpack плагинін орнату қажет.

Calypso-ны github сайтынан жүктеп алуға болады. Сонымен бірге, компания Calypso-ның Mac операциялық жүйесіне арналған нұсқасын да шығарды. Windows және Linux үшін бағдарламалар кейінірек шығатын болады.

Өзгерістер тізімі:

  • +5
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.