"Plus" логикалық ойыны

Plus puzzle game
Codeo.kz сайтының оқырмандарына сәлем! Бұл мақалада колледж студенттерінің Android телефондарына арналған, аса табысқа ие бола алмаған алғаш ойыны қалай құрылғаны, қандай қиыншылықтар кездескені туралы айтылады.

Кіріспе
Біз Политехникалық колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» бөлімінің 3 курс оқушыларымыз. Басымызға үш адамнан тұратын кішігірім топ құрып, android-қа арналған қосымшалар жасауға ой келді.
Идея
Бірінші ойынымыз өте қарапайым аркада болуы керек еді. Сондықтан «Splash Bomb» атаулы J2ME платформасындағы пазл-ойын идеясын негізге алдық.
Splash
Қызыл тамшыларды 1-ден 4-ке дейінгі сандарға алмастырып, логикалық негізін бағдарламалай бастадық.
Plus
Ойын логикасы қарапайым:
• Алаң 6x6 өлшемді торкөздерден тұрады;
• Алаңда сандардың кездейсоқ түрі және мөлшері орналасады;
• Санның үстіне басқан кезде ол +1-ге үлкейеді;
• 4-атты санға басқан кезде ол төрт жаққа бірлік ретінде ыдырап, жолда кездескен сандарды үлкейтеді;
• Жеңіс үшін алаңды сандардан тазарту керек.
Іске асырылуы
Әзірлеу ортасы ретінде Android Studio қолданылды. Қосымша фреймворк ретінде LibGDX таңдалды. LibGDX — ойын құруға арналған фреймворк, ол бір бағдарламалау тілін қолдана отырып кроссплатформды ойындарды жасауға мүмкіндік береді.
Ойын логикасымен қатар графика мен анимациямен айналыса бастадық. Графиканы салу үшін Photoshop бағдарламасы қолданылды.

Интерфейс үш беттен тұрады:
  1. SplashScreen – басты бет. Бұл жерде команда логотипі көрсетіледі және ойын ресустары жадқа жүктеледі;
  2. MenuScreen – басты мәзір. «Продолжить», «Новая игра» және тілді ауыстыру батырмаларынан тұрады.
  3. GameScreen — ойын алаңы бейнеленетін бет.
Құрылу барысында Android-құрылғы эмуляторларында және әртүрлі физикалық телефондарда тестілеу өткізіп, бейнелеумен байланысты әртүрлі бағдарламалық қателіктерді дұрыстадық. Орыс және ағылшын тілдері арасында ауысу мүмкіндігін қостық. Сонымен, ойын азды көпті дайын болғанда оны Google Play қосымшалар каталогына жіберуді шештік. Әрине, жарнамалау жағын қарастырған жоқпыз, сондықтан ойынымызды 50 реттен көп жүктеген жоқ.
Plus statistics
Қорытынды
Біз ойын жасаған кезде, жарнамалау, механика, ойын аты, нарық талаптары мен басқа нәрселерді ескермедік. Plus табысқа жетпегенімен, біз бір басты сыйға ие болдық, ол – тәжірибе. Әрине бір ойында тоқтағымыз келмейді және келесі рет бұдан да жақсы ойын жасауға тырысамыз. Алғысымызды біздің бағдарламашы Абылайға білдіргіміз келеді. Ол біздің топта ең көп енбек етті ;)

Codeo.kz сайты оқырмандарына, осы мақаланы жазуға итермелеген Камыров Ерлан Ерманұлына бөлек рахмет айтамыз!

  • +5
6 пікір
Daskz
Cut тегі жұмыс істемейді ғой деймін…
kamyrov
Cut-тың сыртына автоматты түрде бірінші абзац кетеді, бер жақта ол қажет те емес)
amantai
Жарайсыңдар жігіттер. Код жағынан тағыда көбірек мәліметтер көбейсе қатарларың көбейетініне сенімдімін.
kamyrov
Daskz мақаланы жазған стилін өте ұнады, тапсырманы бұлжытпай орындағанын үшін саған раөмет. Болашақта сендердің командаларынан зор үміт күтіп отырмын. Ең бастысы тоқтамандар!)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.