Drupal 8.0.0 - PHP әлеміндегі танымал құралдың жаңа нұсқасы



Өткен аптада CMS/CMF-жүйелерінің ішіндегі танымал Drupal-дың жаңа 8.0.0 нұсқасы таныстырылды.
Бағдарламалаушылардың айтуы бойынша бұл Drupal тарихындағы ең ірі жаңартылу екен. Жүйе PHP 7 нұсқасымен, PostgreSQL және SQLite деректер қорымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін алды. Оған қоса жүздеген басқа да жаңартылулар бар. Солардың ішіндегі ең маңызды деген жаңартылулар:

  • контекстішілік өңдеу және алдын ала қарау мүмкіндігі (WYSIWYG секілді);
  • контентті моделдеу мүмкіндігі (entities, fields, views);
  • беттерді, формаларды, админнің парақшасын басқару интерфейсінен өзгерте алу мүмкіндігі;
  • интерфейсті толығымен локализациялау және басқа тілдерге аудару мүмкіндігі;
  • контентті HTML5 түрінде шығару;
  • REST сервистері;
  • PHP дің заманауи жақсы практикалары, танымал Composer, Symfony2, Guzzle және Twig құралдарымен интеграция;
  • фронтендттің жылдамдығы жақсартылған;
  • дамыған кэштеу және CDN-желілерімен интеграция.

Басқа да Drupal 8 жаңартылуларын мына сілтемеден қарай аласыздар www.drupal.org/8.

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.