Anonymous ИГИЛ-дің 5500 twitter-аккаунттарына шабуыл жасады

Бір күн алдын ИГИЛ-ге қарсы соғыс жариялағанын айтқан Anonymous сөздерін іспен дәлелдеді. Кеше олар барлығы ИГИЛ-ге қатысы бар деген 5500 аккаунттың offline етілгенін жариялады.



Мұндай әрекеттердің негізгі себепшісі Парижде болған террактілер болды. Осы террактілерден соң Anonymous Operation Paris арнайы сайтын ашты және твиттерде #OpParis деген аккаунтты іске қосты. Кез-келген азамат осы аккаунтқа террористтердің аккаунттары туралы мәлімет бере алады. Ол үшін твиттерде арнайы тегпен сілтемені жариялау немесе IRC протоклын пайдаланып Pastebin сайтында да жариялауға болады.



Париждегі оқиғалардан соң террористтердің бір бірімен Sony PlayStation 4 ойын консолі арқылы ақпарат алмасқандары туралы мәлімет пайда болған еді. Ол туралы Anonymous келесі жарияланым жасады:
«Бізден көбісі неге PSN (PlayStation Network) аккаунттарын шабуылдамайтынымызды сұрап жатыр. Иә, бұл туралы ойланып көру керек екен. Бірақ біздің қазірге басты мақсатымыз ол -Twitter»



Anonymous айтуы бойынша олар аккаунттарды жою алдын жақсылап тексеруден өткізеді. Сондықтан да олар тек террористтердің аккаунттарын жойып жатқандарына сенімді.

Қауіпсіздік қызметтері хакерлердің бұл әрекеттерін құптамайды. Өйткені олардың есептеуінше Anonymous террористтердің әлеуметтік желідегі жұмыстарын тоқтататын болса, террористтерді табу қиындап кетеді. Мұндай пікірге Anonymous келесідей жауап қайтарды:

«Біз олармен пистолет немесе автомат арқылы арпалыса алмаймыз. Біз ең бастысы пропаганданы тоқтату деп есептейміз. Осылайша біз олардың адам ресурстарына соққы жасай аламыз»

  • +4
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.