Сәуір айы бойынша ең танымал бағдарламалау тілдер рейтингі

Егер сіз бағдарламалаумен айналысамын деп шешім қабылдап, бірақ қай тілді таңдауды білмей жатсаңыз, тіл таңдаудың екі түрлі әдісі бар: әр тілді қарастырып шығып жаныңа жаққанын таңдау немесе жай ғана ең танымал тілді таңдап алу. Екінші жолмен таңдалған тіл нарықта сұранысқа ие және оңайы болып шығады. Сәуір айы нәтижесі бойынша Java осындай тіл болды, екінші орында C тілі, үшінші орында C++. Бұл нәтижелер Tiobe зерттеу компаниясының жасаған...


  • +3

AngularJS-пен бейнежаттығу 2 - сервис, директива және фильтр жасау

Сәлем, Кодеолықтар! Мен сіздерге AngularJS-пен жаттығудың екінші бейнеклипін ұсынғым келіп отыр. Бұл жолы мен блог-платформаны мысалға ала отырып, қалай өзіме керекті жаңа сервис, директива және фильтрді жасауға болатынын көрсетемін. Видеоның ұзындығы бірінші видеоға қарағанда екі есе қысқа, бірақ пайдасы кем емес деп ойлаймын. Әдеттегідей сіздерге бұл жаттығумен қызықты уақыт өткізуді тілеймін және пікірлеріңізді күтемін!


  • +5

Нейрон желісі бойынша суреттегі әріпті тану

Нейрон желісі жайында көп еститінмін. Кеше бір студентке көмектесемін деп, ақыры соны оқуға тура келді. Шамалы шет жағасын түсінгендей болдым да кішігірім программа жазып тастадым. Қысқаша айтқанда, нейрон желісі — тәжірибе жинақтау, жиналған тәжірибе нәтижесінде шешім қабылдауға негізделеді. Жалпы, адамның да өмірі солай ғой. Бәрін біліп туылмайсың, көбіне, жылдар бойы жинаған тәжірибе негізінде шешім қабылдап жатамыз. Бірақ, адамның...


  • +6

BackboneJS-пен жаттығу - автобустар уақытын бақылау

Өткен жолы domalak AngularJS-пен бейнежаттығуын жариялап еді. Бағдарлама өте қарапайым және AngularJS негізгі мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік береді. Ал мен бұл жолы дәл сол бағдарламаны BackboneJS фреймворкы арқылы жасап көрдім. Мұндағы мақсат кім мықты деу немесе фреймворктарды салыстыру емес, жай екі фреймворкта мәселенің қалай шешілетінін қарастыру. Бағдарламаның дайын нұсқасын мына жерден қарауға болады. BackboneJS ол...


  • +4

Ең алғашқы вирусты кім ойлап тапты?

Ең алғашқы вирустардың ешқандай зияны жоқ болатын. Олар жай ғана тәжірибе үшін жазылған бағдарламалар еді. Солардың қатарында ең алғашқы вирустардың бірі «Creeper»-де бар. Ол айтарлықтай ештеңе істемейтін, жай ғана «I’M A CREEPER: CATCH ME IF YOU CAN» деген жазуды экранға шығаратын, болды. Ал олардың таралуы тек үй желілерімен ғана шектелетін. Бұның барлығы 1971 жылы еді. Қазіргі кезде миллиондаған вирустар бар. Олар интернет арқылы...


  • +4

Сіз білуіңіз қажет Chrome бағдарламаушылар құралдарының 15 мүмкіндігі

Қазіргі кезде Google Chrome веб бағдарламалаушылар арасындағы ең кең тараған браузер. Әр алты аптада жаңартылып тұратын және әрқашан дамып тұратын мықты бағдарламалаушылар құралдарына ие бұл браузер сізде міндетті түрде болуы қажет. Сіздердің көпшілігіңізге Chrome бағдарламалаушылар құралдарындағы js-ті debug жасау, стильдерді өңдеу, консоль деген секілді мүмкіндіктері белгілі шығар. Бірақ, біз бұл жолы олар туралы емес, көпшілік біле...


  • +5

Facebook интернет жеткізуге арналған дрондарды Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізді

Әлеуметтік желі планетаның шеткі бөліктеріне интернетті қолжетімді ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Facebook басшысы Марк Цукерберг күн энергиясымен жұмыс жасайтын дрондардың Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізілгенін хабарлады. Интернетті қолжетімді ету үшін дрондар лазерлік сәулені пайдаланады. «Бүкіл әлемді интернетке қосу бойынша Internet.org жобасының аясында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасап шығардық. Олар...


  • +4

AngularJS-пен бейнежаттығу - Автобустар уақытын бақылау

Сәлем, оқырмандар! Мен сіздерге AngularJS және Bootstrap-ты қолданып, шағын веб бағдарлама жасау туралы бейнематериал ұсынғым келіп отыр. Бейнеклиптің ұзындығы ойлаған уақыттан көбірек болып шықты, бірақ ішінде артық ештеңе жоқ сияқты. Бұл жаттығумен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуді тілеймін! Және де пікірлеріңізді күтемін.


  • +4

VHDL туралы ақпарат

1980 жылы АҚШ-ның Қорғаныс министрлігі интеграция деңгейі жоғары өте жылдам схемалар (VHSIC – Very High Speed Integrated Circuit) бағдарламасы бойынша өз жұмысын бастады. Бұл бағдарлама сандық микросхемаларды жасаудың соңғы технологияларын жетілдіруді көздеді. Сол кезде туындаған біршама мәселені шешу үшін 1981 жылы жаңа аппараттық құралдарды сипаттау тілі – VHDL тілі жасалынды. VHDL (ағылш. VHSIC (Very high speed integrated circuits)...


  • +2

Verilog тілінде комбинациялық құрылғыны зерттеу

Құрметті, Достар!!! Мен сіздерге verilog программасында құрылғыны моделдеу жұмысын ұсынамын. Verilog — бұл электронды жүйелерді моделдеуді өңдеу үшін қолданатын аппаратуралық сипаттау тілі. Төменде берілген құрылғыны моделдеу жұмысын ұсынамын. Келесі алгоритмді жасау арқылы іске асырылады: 1. Мәтіндік редокторды ашамыз. Келесі мәтінді тереміз: module ExclusiveXOR(x1,x2,x3,f); input x1,x2,x3; output f; assign f =...


  • +2